19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Нәфси мутмаинна (иман келтірген нәпіс)

Нәфси мутмаинна (иман келтірген нәпіс)

Тауба етіп, иманға келген нәпіс. Аллаhу та’аланы көп еске алу арқылы тыныштыққа, бақытқа бөленген және ислам дінінің әмірлерін орындауда ешқандай қиындық сезінбейтін нәпіс.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ей мутмаинна болған нәпіс! Өзіңді де, Бізді де разы еткен халде Раббыңа қайт. Таңдалған құлдарымның арасына қосылып, жаннатыма кір!» (Фәжр сүресі 27-30)

«Аллаhым! Саған қауышуға иман еткен, жазған тағдырыңнан разы болған және бергеніңе қанағат ететін мутмаинна нәпс берегөр.» (Хадис шәриф – Нәсаихул- Ибад)

"Мутмаинна нәпсіне қауышқан адам сабырлы, жұмсақ мінезді және күлімдеген жылы жүзді болады. Кемшіліктерді жасырып, айыптарды кешіреді. Аллаhу та’алаға толығымен мойынсұнып, көп ғибадат етеді. Жомарт болады. Ислам дінінің әмірлерінен бір қарысқа да айрылмайды." (Әрзурумдық Ибраһим Хаққы)

"Бір адам әулиелік дәрежеге жетіп, әулие болғанда аммара нәпісі мутмаиннаға айналады. Күпірліктен, мойындамаудан құтылып, Раббысынан разы болады. Раббысы да одан разы болады. Жаратылысындағы жамандықтан, азғындықтан құтылады." (Имам Раббани)