18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Сүннети Зәуаид

Сүннети Зәуаид

Пайғамбарымыз алейһиссаламныңғибадат ретінде емес, әдет-ғұрып ретінде үнемі жасаған нәрселері. Бұларға “әдеп” деп те айтылады.

"Пайғамбарымыздың киіну тәрізі, жүріс-тұрыстары, отырысы, жақсы нәрселерді оң жағымен бастауы, оң қолымен ішіп жеуі, суды отырып ішуі секілді нәрселер зәуаид сүннеттерге жатады." (Ибн Абидин)

"Зәуаид сүннетті орындау әр мұсылманға міндетті емес, бірақ жасағандарға өте көп сауап беріледі. Зәуаид сүннеттерді тәрк ету мәкрух емес. Әйтсе де, әдетке байланысты нәрселерде де пайғамбарымызға мойынсұнудың дүниеде және ахиретте адамға тигізетін пайдасы өте көп және әртүрлі бақыттарға, рахаттықтарға жол ашады." (Ибн Абидин)