1 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     3 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Сүннетке отырғызу

Сүннетке отырғызу

Баланың сүннет терісінің кесілуі.

Баланы сүннетке отырғызу пайғамбарымыз алейһиссаламның маңызды сүннеттерінің бірі болып табылады. Сүннеттеу – ислам дінінің белгісі және нышаны. Баланы сүндетке отырғызу жасы нақты білдірілмеген. Ең жақсысы 7-12 жастың аралығы. Сүннеттелу кезінде топталып жоғары дауыспен айт тәкбірі айтылады. "Сүннеттелмеген адамдарда әртүрлі аурулар болады." (Алауиддин Хаскәфи)

"Пайғамбарымыз алейһиссалам туылған кезінде кіндігі кесілген және сүннеттелген болып көрінді.ә (Имам Қасталани)

"Иманға келген кәрі адамның сүннеттелуі шарт емес. Сүннеттелмесе де болады." (Абдулғани Наблуси)