15 - Шәууал, 1445 жыл.
     24 - Сәуір, 2024 жыл.   


Махрем

       1) Жақын туыс. Діни тұрғыдан үйленуі өмір бақи харам болған, тегі жағынан туыс, сүт арқылы туыс немесе үйлену себебімен неке бойынша харам болған адам.

       «Әйел адам жанында бір махремі (жақын туысы) болмаса қажылыққа бара алмайды.» (Хадис шәриф - Кунуз-уд-Дақаиқ)

       Бір әйел немесе еркекке он сегіз адам өмір бақи махрем болып табылады. Яғни бұлармен өмір бақи үйлене алмайды, үйленуі харам болады. Бұлардың жетеуі тегі жағынан, жетеуі сүт арқылы туыстық, төртеуі неке арқылы болатын туыстық. (Саидуддин Ферғани, Тадж-уш-Шәриа)

       "Еркін (күң және тұтқын емес) әйелдің күйеуі немесе өмір бақи махрем болған туысынан бірі қасында болмай жалғыз немесе басқа әйелдермен немесе балиғат жасына толмаған (ақылды және ғұсыл алатындай жасқа келмеген) және салих болмаған махрем туысымен үш күндік жолға шығуы (үш мазһабта да) харам." (Мұхаммед Хадими)   

       "Өмір бақи махрем болған, яғни некелесуі өмірбақи харам болған он сегіз әйелден басқа, мұсылман болсын, кәпір болсын, ешбір әйелдің, еш жерде қолдарынан және жүзінен басқа жерлеріне шәһуатсыз да қарау харам болып табылады." (Сүлейман бин Жәза)

       2) Жасырын ұсталатын, ешкімге айтылмайтын мәселелер

       "Махрем болған нәрселеріңді адамдарға айтпаңдар. Соңында өкінесіңдер." (Сәйид Абдулхаким Аруаси)