19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Саид

Аллаһу та’аланың разы болған адамы. Жаннаттық адам дегенді білдіреді.

Құран кәрімде былай делінген:

«Саид болғандарға келсек, олар жаннаттық.» (Һуд сүресі 108)

Шақилер дүниеге көңіл байлап, дүниелік болған нәрселерге жабысады. Ал саидтар бақи (мәңгі, шексіз ахиреттік) болғандарға жабысады. (Абдулхаким Аруаси)

Бір кісінің саид болуының белгісі – Аллаһу та’аланың қаза мен тағдырына разы болады. Шақи болуының белгісі де Аллаһу та’аланың тағдырына разы болмай, бақырып-шақырып, жылап-сықтайды. (Сүлейман бин Жәза)