15 - Шәууал, 1445 жыл.
     24 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Саллаллаһу алейһи уә сәлләм

Саллаллаһу алейһи уә сәлләм

Пайғамбарымыз алейһиссаламның есім шәрифі айтылғанда, естілгенде және жазылғанда айтылатын және жазылатын Аллаһу та’аладан Оның дүниеде және ахиретте әр түрлі игілікке және үстемдікке қауышуын қалауды білдіретін қайырлы дұға, тағзым, құрмет сөзі. Бұған салату салам (салауат) деп те айтылады.

«Кімде-кім маған бір рет салат етсе (салауат айтса, мәселен: саллаллаһу алейһи уә сәлләм десе), Аллаһу та’ала оған он рет салат (рақымдылық) етеді. Оның он күнәсын кешіреді және дәрежесін он есе жоғарылатады.» (Хадис шәриф-Мәуаһиби Ләдуннийа)