1 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     3 - Қараша, 2024 жыл.   


Сәйид

1) Мырза

«Жастардың ішінде жаннатқа кіретіндердің сәйиді (мырзасы) – Хасан мен Хусейн.» (Хадис шәриф – Усуд-ул-Ғаба)

2) Хазреті Хусейіннің тегінен тарағандар.

Сәйидтер болған елде мен отыра алмаймын. Өйткені Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” тән болған ата-тектен келудің құрметіне ие болғандарға лайықты тағзым (құрметті) көрсете алмаудан қорқамын. (Убайдуллаһ Ахрар)

Сәйидтер Имам Хасанның немерелері болған шәрифтерден де үстем. Османлы Мемлекетінің дәуірінде Халебте (Алеппо қаласы) сәйидтерге және шәрифтерге қатысты қазылық мекемесі болған. Барлық ұрпақтары сол жерде тіркеліп, өтірікшілер өздеріне сәйидпін деп жалған ат таға алмайтын болды. Сәйидтердің құндылығын білу керек. Оларға құрмет көрсетуде және қызмет етуде немқұрайлы қарамау керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Біздің елдерде сәйідтер "қожалар" деп аталып кеткен.