1 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     3 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Сират көпірі

Сират көпірі

Жаннатқа өту үшін тозақтың үстіне құрылған, ерекшелігі нақты белгісіз көпір. Бұған тек “сират” деп те айтылады.

«Барлығынан бұрын Мен және менің үмбетім сират көпірінен өтеміз. Сират көпірінен өткенде пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлей алмайды. Олар:  “Ей, Раббым! Үмбеттерімізге (бізге иман еткендерге) амандық (құтылуды) ихсан ет (бер)!” дейді.» (Хадис шәриф – Тәзкирә)

«Үлкен құрбандық алыңдар және сойыңдар! Өйткені, құрбандарың – сират көпірінде көліктерің болады.» (Хадис шәриф – Риядун-Насихин)

Сират көпірі Аллаһу та’аланың бұйрығымен тозақтың үстіне құрылады. Барлық адамға осы көпірден өту бұйырылады. Ол күні барлық пайғамбарлар: «Ей, Раббым! Амандық бер!» деп жалбарынады. Жаннатқа баратындар көпірден оңай өтеді. Олардың кейбірі найзағайдай, кейбірі желдей және кейбірлері шапқан аттай тез өтеді. Сират көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір. Бұл дүниеде Исламды ұстанғандар, нәпісімен күресіп, оның азғыруына алданбай, осы қиыншылықтарға сабыр еткендер сираттан оңай және рахат өтеді. Исламды дұрыс ұстанбай, нәпсіне еріп тозақтық болғандар сираттан өте алмай тозаққа түседі. (Мәулана Халид Бағдади)

Әһли сүннет ғалымдары (Расуллуллаһ алейһиссаламның және оның сұхбатында жетілген сахабалардың жолында болған мүбәрәк адамдар) Ислам ілімдерінің ешқайсысына ақыл жетпейтіндігі үшін қарсы шықпады. Осылайша қабір азабына, қабірде “Мункәр” және “Накир” деген екі періштенің сұрақ қоятындығына, сират көпіріне, қияметтегі таразыға күмәнсіз сенді. Ақылға қонымсыз болғаны үшін “болмайды!” демеді. Өйткені, бұл ғалымдар Құран кәрімге және хадис шәрифтерге мойынсұнды. Ақылын осы екі негізге байлады. Түсіне алғандарын түсіндірді. Түсіне алмағандарына солайша сенді. Түсіне алмағандарына “ақылымыз жетпегені үшін түсіне алмадық” деді. (Ахмед Фаруқи)