18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Кәлима-и шәһадат

Кәлима-и шәһадат

«Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу» мүбәрәк сөзі. Мағынасы: «Мен Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықты жаратушының жоқтығына шәһадат (куәлік) етемін, мұны көргендей білемін және білдіремін. Және де Мұхаммед алейһиссалам Оның құлы, расулы және соңғы пайғамбары екендігіне шәһадат (куәлік) етемін. Оның жіберілуімен Одан бұрын келген пайғамбарлардың діндері тамамдалған, үкімдері жойылған. Мәңгілік бақытқа, тура жолға қауышу үшін тек Оған ғана мойынсұнуымыз керек. Оның әрбір сөзі Аллаһу та’ала тарапынан өзіне білдірілген. Барлығы дұрыс. Өтірік болу ықтималдығы да жоқ.»

«Рамазан айында төрт нәрсені көп жасаңдар! Оның екеуін Аллаһу та’ала өте жақсы көреді. Олар: кәлима-и шәһадат айту және истиғфар айту. Ал қалған екеуін үнемі жасауларың керек. Бұлар Аллаһу та’аладан жаннатты сұрау және тозақ азабынан Оған сыйыну.» (Хадис шәриф – Әт Тәрғиб уәт Тәрһиб)

Кәлима-и шәһадатты айтудың төрт шарты бар: тілмен айтқанда жүрекпен дайын болу. Мағынасын білу. Ықыласпен (Аллаһу та’аланың разылығын ойлап, түсініп) айту. Тағзыммен (құрметпен) айту. (Құтбуддин Изники)

Жүрекпен сеніп кәлима-и шәһадатты айтудың жүз отызға жуық пайдасы бар. Бұлардан өлгенде болатын бесеуі: 1) Әзрейіл алейһиссалам оған әдемі кейіппен келеді. 2) Майдан қыл суырғандай рухын жеңіл алады. 3) Жаннат иістері сезіледі. 4) Сүйіншілеуші періштелер келеді. 5) «Қош келдің, ей, мүмин! Сен жаннаттықсың!», дейді. (Құтбиддин Изники)