2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Анкәбут сүресі

Анкәбут сүресі

Құран кәрімдегі жиырма тоғызыншы сүре.

Анкәбут сүресі Мекке-и мукаррамада түсті. Алпыс тоғыз аяти кәримадан тұрады. Сүреде пұттарға және басқа күшсіз болмыстарға табынатындардың халдері, Олардың дүниелік табыстарға қол жеткізу үшін құрған тұзақтары және осы жолдағы  талпыныстары, анкәбут атты өрмекшінің өте әлсіз торына ұқсатылғандықтан, анкәбут сөзі бұл сүреге есім болған. Сүреде мүминдердің Аллаһ жолында кейбір қиыншылықтарға тап болатындарын, бұлардың өздері үшін дүние мен ахиретке пайдалы болатын себепші екеніне нұсқалған, кейбір пайғамбарлардың қиссалары қысқаша баяндалып,  олардың Аллаһ жолындағы жанқиярлықтарымен қажырлылықтары, және соның нәтижесінде жетістікке жеткендіктері, Құран кәрімнің үлкен муғжиза екендігі және адазат үшін бақ-берекенің себепшісі екендігі баяндалуда, Исламға дұшпандық еткендердің соңдарының азапты болатыны, мұсылмандардың ахиретте мәңгілік ниғметтерге қауышатындары сүйіншіленуде, Аллаһ жолында тер төккендердің еңбектері босқа кетпейтіндіктері, үлкен сияпаттарға кенелетіндіктері және басқа да жайттар баяндалған.

Анкәбут сүресіндегі кейбір аяти кәрималарда былай делінеді:

«(Хабибім) Намазды өз уақытында, шарттарына мойынсұнып оқы. Өйткені намаз адамды ақылдың және діннің ұнатпаған және тыйым салған барлық нәрселерден сақтайды.» (45-ші аят)

«Мүшриктер, раббыңнан (Мұхаммедке (алейһиссалам) пайғамбарлығына дәлел болатын Иса алейһиссаламның дастарханы, Мұса алейһиссаламның аса таяғы сияқты) муғжизалар түсірілген болғанда ғой, деді. (Ей Хабибім!) Сен оларға айт, муғжизалар Аллаһу та’аланың құдіреті және қалауымен болады. (Қашан және қалай істеуді қаласа солай жаратады. Бұларды жасау менің қолымда емес.) Дұрысы мен тек қана Оның азабын сендерге деткізуші, хабар берушімін. Құран сияқты кітапты саған түсірген болуымыз, оларға (муғжиза ретінде) жетпей ме? Мұнда сенген қауым үшін мейірім және насихат бар.» (50, 51-аяттар)

«Әрбір жанды өлімнің дәмін тартады» (57-ші аят)