11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Аср сүресі

Аср сүресі

Құран кәрімнің жүз үшінші сүресі.

Аср сүресі, Мекке мукаррамада түсті. Үш аяттан тұрады. Сүреде адамдардың зиянда екендіктері, бұл жаман жағдайдан кімдердің құтылатыны хабар берілуде. (Табери, Ибн Аббас)

Аср сүресінде былай делінеді:

«Ғасырға ант болсын, сөзсіз адам (өмірін тек өткіншіл, дүниелік қалауларына қауышу үшін жұмсағандықтан) үлкен зиянда. Тек иман еткендермен, салих амал (жақсы істер) жасағандар, бір-біріне хақты (сену және орындау қажетті нәрселерді және ғибадаттарды жасау, күнәлардан сақтану жөнінде) сабырды кеңес бергендер бұлай емес. (Олар зиянда емес)» (1-3 аяттар)

«Кімде кім Аср сүресін оқыса, Аллаһу та’ала оның күнәларын кешіреді. Хақты және сабырды кеңес бергендерден болады.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил уә Әсрарут-Тәуил)

Құран кәрімде басқа ешбір сүре түспегенде, осы өте қысқа ғана болған Аср сүресі, адамдардың дүние және ахирет бақыттарын қамтамасыз етуіне жеткілікті болар еді. Бұл сүре Құран кәрімнің бүкіл ілімдерін ішіне қамтыған. (Имам Шафии)