17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   


Жаһаннам

Кәпірлердің тұрақты түрде, мәңгі, ал күнәһар мұсымандардың болса күнәларының мөлшеріндей азапталатын жер.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Кім Аллаһу та’ала мен расулына табандылықпен қарсы шығып, жоққа шығару арқылы Аллаһу та’аланың қойған шектеулерінен асатын болса оны, ішінде шексіз қалатын жаһаннамға тастайды. (Аллаһу та’аланың және пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламның әмірлеріне мән бермегендер, ұнатпағандар, заманға, ғылымға, заманауи қажеттіліктерге сай емес дейтіндер қияметте жаһаннам отынан құтыла алмайды.) Бұларға жаһаннамда өте ауыр азап бар. (Ниса сүресі 14)

«Ей мұсылмандар жамағаты! Аллаһу та’аланың сендерді үгіттеген нәрселерге талпыныңдар және Оның тыйым салғандарынан сақтаныңдар. Аллаһу та’аланың қорқытқан нәрселерінен қорқыңдар. Оның жазасынан, азабынан, жаһаннамынан қорқыңдар. Мына тұрып жатқан жерлеріңде оның отынан бір түйір ұшқын пайда болса, бұл дүниені сендер үшін өмір сүре алмайтын халге келтіреді. (Хадис шәриф – Ихиау Улумуддин, Тәзкирәи Қуртуби)

Жаһаннам жеті қабаттан тұрады: Бірінші қабаты ең жеңілі. Бірақ азабы дүниелік оттан жетпіс есе қуатты. Аты жаһаннам. Мұнда мұсылмандардан бір бөлігі жанып күнәларынан тазарады. Ал Кәпірлердің тұрақты азап көретін жаһаннамның басқа қабаттары: Саир, Сакар, Жахим, Хутама, Лази және Хауийә. (Садәти Әбәдийә)

Бір нәрсені іздеген адам оның соңынан қуатыны, ал бір нәрседен қорққан адам одан қашатын болғанымен, жаннатты іздеп жаһаннамнан қашқан адамның бұларға еш мән берместен ұйқыда қалулары неткен ақылға қонымсыз нәрсе. (Амир бин Абдуллаһ)

Жаһаннамға кіру және шексіз түрде сонда қалу иманды естігеннен кейін ширк (серік) қосқандар үшін. (Қадызада)

Жаннат және жаһаннам қазір бар және мәңгілік бар болады. (Омар Мәсәфи)

Жаһаннамнан ең соңғы шығатын мүмин жеті мың аһирет жылы жанады. Ахиреттің бір күні дүниенің мың жылына тең. (Қадызада Ахмед Әмин)

Күнәлар ғафлетке, Аллаһу та’аланы ұмытуға, ал ғафлет болса көңілдің (жүректің) қатаюына себеп болады. Көңілдің қатаюы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Аллаһу та’аладан алыстау болса жаһаннамға жетелейді. (Харис Әл-Мухасиби)