18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   


Әбдал

Беделділер, құрметтілер. Дүниенің заңдылығы, жүйелілігімен міндеттелген болып, Аллаһу та’аланың адамдардың көздерінен жасырған үлкен әулиелері. Біреуі қайтыс болғанда орнына басқа адам тағайындалатындықтан осы атау берілген. Бұларға Рижалул-ғайб деп те айтылады.

«Үмметімнің арасында әрқашан қырық адам болады. Бұлардың көңілдері Ибраһим алейһиссаламның көңілі секілді. Аллаһу та’ала олардың себебімен құлдарынан бәлелерді кетіреді. Бұларға әбдал делінеді. Олар бұл дәрежеге намаз және ораза арқылы жетпеді.» Ибн Мәсуд радиаллаһу анһ: “Йа Расулаллаһ бұл дәрежеге не арқылы жетті?” деп сұрағанында: «Жомарттықпен және мұсылмандарға насихат айту арқылы жетті.» деп бұйырды. (Хадис шәриф – Хилйәтул-Әулиә)

"Әбдалдардың саны жеті, қырық немесе жетпіс екендігі білдірілген." (Сәйид Шәриф Журжани)

"Әбдалдардың мақамына жетуді көздеген адам халін түзелтуі, нәпсіне ермеуі керек." (Бахауддин Бұхари)