19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Әнбия

Нәбилер, пайғамбарлар. Жаңа дінмен жіберілмей, адамдарды алдыңғы дінге шақыратын пайғамбарлар дегенді білдіреді. Нәби сөзінің көпше түрі. Жаңа дінмен жіберілген пайғамбарларға расул делінеді.(Нәби, пайғамбар бөлімдерін қараңыз)  

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді:

«Өйткені олар (яһудилер) Аллаһтың аяттарын жоққа шығарып, жазықсыз әнбияны өлтірді. Өйткені олар қарсы келіп, шектен шықты.» (Али Имран сүресі 112)

"Әнбиядан біріне сенбеген адам ешбіріне сенбеген болып есептеледі." (Қадызада)