16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   


Бәдәуи:

Далада, шөлде және алқаптарда көшпелі өмір сүретін адамдар.

Мәдина қаласының айналасындағы Мүзәйна, Жухәйна, Әсләм, Әшжа тайпалары бәдәуи еді. Сүйікті пайғамбарымыз Худайбийә келісімі жасалған жылы умра үшін Меккеге баруға шешім қабылдаған кезде, Құрайштың шабуыл жасау ықтималына қарсы сол тайпалардың да келісімге бірге баруын қалайды. Бірақ бәдәуилер қорққандарынан бұл  құрметті шақыруға келмей кешірім сұрайды. Сол себепті Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «(Әлі жүректеріне иман орналаспаған Құрайш мүшриктерінен қорқып) артта қалған кейбір бәдәуилер саған: «Мал-мүлкіміз және отбасымыз бізге (сенімен баруға) бөгет болды. Сол себепті Аллаһу та’аладан біз үшін кешірім сұра» дейді. Олар көңілдерінде (жүректерінде) жоқ нәрсені тілдерімен айтады. (Әйтпесе сенің олар үшін истиғфар етуіңе немесе етпеуіңе алаңдамайды, мән бермейді.)» (Фәтиһ сүресі 11) (Сәнауллаһ Дәхләуи, Табәри)