19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Бәле

Аллаһу та’аланың адамдарды сынау үшін берген материалдық және рухани қиыншылық, қайғы-қасірет, апат.

«Құлымды бір бәлемен сынаған кезімде сабыр етіп, (көңіл сұрап) келген адамдарға мені шағымданбаса, оған денесіндегі етінен жақсы ет, қанынан жақсы қан беремін. Жазылған кезде күнәсіз болып тұрады. Оны өлтірсем рахметіме, яғни жаннатыма кіреді.» (Хадис Құдси – Мууатта)

«Күмәнды алтындарды отпен тексеретіні сияқты, Аллаһу та’ала адамдарды дертпен, бәлелермен сынаққа алады. Кейбіреулер бәле отынан таза болып шығады. Кейбіреулері болса бұзық болып шығады.» (Хадис шәриф – Кимйаи Садәт)  

«Мүминнің басына дерт, бәле, қайғы, қасірет сияқты қиыншылықтардың бірі келетін болса, Аллаһу та’ала бұны күнәларына кәффарат етеді.» (Хадис шәриф – Мүслим)

"Пайғамбарлар (алейһимуссалам) әрқашан дерт, қиыншылық ішінде өмір сүрді. Тіпті «Бәлелер, қиыншылықтар ең көп пайғамбарларға, кейін әулиелерге, кейін соларға ұқсағандарға келеді» деп айтты." (Ахмед Фаруқи)

"Дерт, бәле келген кезде Аллаһу та’алаға сиыну керек, денсаулық беруі үшін, бәледен құтқаруы үшін дұға ету керек, жалыну керек. Аллаһу та’ала дұға еткендерді, денсаулық, амандық сұрағандарды жақсы көреді." (Ахмед Фаруқи)

"Сендерден біріңе дерт пен бәле келсе, Юнус пайғамбардың дұғасын оқысын. Аллаһу та’ала оны міндетті түрде құтқарады. Дұға мынадай: «Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин.»" (Сәнәуллаһ Дәхлауи)

"Кімде-кім бәлеге және қиыншылыққа тап болса: «Лә хаулә уәлә қууатә иллә биллаһил-алийилазыйм» десін." (Жафар Садық)