14 - Шәууал, 1445 жыл.
     23 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Хадж (Қажылық)

Хадж (Қажылық)

Исламның бесінші шарты. Шарттары бойында табылған (балиғат жасына толған, еркін, бай, ақыл-есі дұрыс) әрбір мұсылманның өмірінде бір рет ихрамды (тігіссіз) киіммен Меккеге барып, Қағбаны зиярат етуі және Арафат деп аталатын жерде бір мерзім тұруы және кейбір міндеттерін атқаруы.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді:

«Азық-түлік және көлік тұрғысынан жолына күші жететін әрбір адамның ол Бәйтке (Қағбаға) қажылық етуі, адамдардың мойнына Аллаһу та’аланың ақысы, парыз болып табылады.» (Али Имран сүресі 97)

«Қажылық етіп, мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады.» (Хадис шәриф – Дара Құтни)

«Аллаһым! Қажылық еткен адамды және оның кешірілуін тілеген адамын кешіре гөр!» (Хадис шәриф – Лубабул-Ихйа)

«Әйел адам жанында бір махремі болмастан қажылыққа бара алмайды.» (Хадис шәриф – Қунузул-Хақаиқ)

"Сауда-саттық жасау және қажылық міндетін орындау үшін барған адамның, қажылыққа деген ниеті көп болса сауап алады. Саудаға деген ниеті көп болса немесе екеуі тең болса қажылық сауабын ала алмайды." (Алауддин Хаскефи)

"Құлдың қажылығының қабыл болғандығының белгісі, қажылықтан пайғамбарымыздың ахлақымен мінезделіп қайтуы, күнәға мүлдем жоламауы, өзін ешкімнен артық көрмеуі, өлгенге дейін дүниеге мән бермеуі. Ал қажылықтың қабыл болмағандығының белгісі болса, қажылықтан қайтқанында халі бұрынғы қалпында қалуы." (Әли Хаууас)