18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Хаж сүресі

Хаж сүресі

Құран кәрімнің жиырма екінші сүресі.

Хаж сүресі Мәдинада түсті. Жетпіс сегіз аяти кәримадан тұрады. Сүреде қажылық ғибадаты ең алдымен Ибраһим алейһиссалам тарапынан жасалғандығы және пайғамбарымыз тарапынан жалғастырылғандығы туралы айтылғандықтан сүре қажылық деген мағынада Хаж сүресі деп аталған. Хаж сүресінде иман, тәуһид, Аллаһу та’аланың бір екендігі, қияметтің белгілері мен сұмдығы, өлгеннен кейін қайта тірілу, Аллаһ жолында жиһад, қажылық және құрбандық туралы баяналған.

Аллаһу та’ала Хаж сүресінде былай дейді:

«Ол күннің (қиямет күнінің) зілзаласы өте үлкен нәрсе. Ол күні әйелдер емізулі балаларын ұмытады. Екі қабаттар балаларын түсіреді. Адамдар мас деп саналады. Олар мас емес. Бірақ Аллаһу та’аланың азабы өте ауыр.» (1, 2-ші аяттар)  

«Кімде кім Хаж сүресін оқыса, қажылық еткеннің қажылық сауабы, умра жасағаннның умра сауабы, келген және келетін қажылық пен умра жасайтындардың сауабындай сауап беріледі.» (Хадис шәриф – Қады Бәйдауи тәфсирі)