17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   


Әзрейіл

Төрт ұлы періштенің бірі. Жандарды алумен міндеттелген періште, “мәләкул-мәут”, “өлім періштесі” деп те аталады.

«Ибраһим (алейһиссалам) Әзірейілге (алейһиссалам): “ Сені күнәһарлардың жанын алатын кезіңдегі түріңмен көргім келеді” дегенде періште: “Оған төзе алмайсың” деді. Ибраһим (алейһиссалам) “не болса да төземін” деді. Сол кезде Әзрейіл (алейһиссалам) өзінің қорқынышты күйінде, қара жүзді, түктері тікен-тікен, кара киімді, мұрны мен аузынан от шыққан күйінде көрінді. Мұны көрген Ибраһим (алейһиссалам) талып құлады. Есін жиған кезде періштені өз кейпінде көріп: “Ей, жан алушы періште! Бір күнәһар сенің бұл түріңді көргеннен соң басқа нәрсе көрмесе де оған жеткілікті” деді.» (Хадис шәриф – Кимиа-и Сәадәт)

Жақсы амал жасаған, Аллаһу та’алаға мойынсұнған құлдар Әзрейіл алейһиссаламды ең әдемі түрде көреді. Оның әдемі жүзіне қараудан басқа ләззатты білмейді. (Имам Ғазали)

Жандыларды өлтіретін, өлілерді тірілтетін, дені сауларға ауру беретін, ауруларға шипа беретін тек Аллаһу та’ала. Ал Әзрейіл алейһиссалам өлім, жан алу тұрғысында бір себепші, арашы болып табылады. (Мұхаммед Масум Фаруқи)

Әзрейіл алейһиссалам келіп жаныңды қинап алатын, ажал келіп жаныңды жалмайтын, басыңа жан тапсыру азабы төнетін, шайтан иманыңды ұрлауға тырысатын, достарыңның “Қап өмірден озды, артында қалған сендер аман болыңдар!” деп балаларыңа көңіл айтатын кезді ойла! (Мұхаммед Рабхами)