11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Әурет

1) Ислам дінінде ақылды және балиғат (жыныстық тұрғыда жетілу) жасына жеткен

адамның намаз оқыған кезінде ашуы немесе әрдайым өзгелерге көрсетуі және өзгелердің де қарауы харам (күнә) болған жерлері (ұятты мүшелері).

Аллаһу та’ала “Нұр” сүресінің 30-аятында былай деген: «Ей, Расулум (саллаллаһу алейһи уә сәллам)! Мүмин еркектерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын. Иманды әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харам істеуден сақтасын.»

«Әурет жерлеріңді ашпаңдар (яғни жалғыз кезде де ашпаңдар). Өйткені, қастарыңнан еш айрылмайтын періштелер бар. Олардан ұялыңдар және оларды құрметтеңдер.» (Хадис шәриф – Әшиат-ул-Ләмәат)

Ханафи мазһабында ерлердің әурет (ұятты) жері кіндіктен бастап тізенің астына дейінгі жер. Тізе де әуретке жатады. Әйелдердің қолдарымен бетінен басқа барлық жерлері, білектері, шаштары және балтырлары әурет болып табылады. Әйелдер қолдары жабық тұратындай ұзын жеңді киіммен немесе қолдары жабық тұратын кең орамалмен намаз оқулары жақсы болады. (Ибн Абидин)

Тілі шықпаған сәбилердің әурет жерлері тек алдыңғы және артқы (ұятты) мүшелері. Ер балалардың 10 жасқа дейін, қыз баланың көзге түсетіндей жасқа дейін қопал әурет мүшелеріне (кеуде, қолтық, бүйір, сан, тізе және арқаларына), ал бұдан кейін барлық әуреттеріне қарау жаиз емес, күнә болады. (Ибн Хумам)

Моншада көп отырма. Моншада кіндігің мен тізелеріңнің арасын ашпа. Еркектердің және әйелдердің моншада әурет жерлерін ашулары харам, күнә болып табылады. Ашқан адам да, қараған адам да малғұн. (Суләйман бин Жәза)

2) Әйел.

«Бір еркек әуретін (әйелін) ұратын болса, мен оның дауашысы боламын.» (Хадис шәриф – Зәуажир)