18 - Рабиул-әууәл, 1443 жыл.
     24 - Қазан, 2021 жыл.   



Фиқһ

Білу, түсіну. Ислам дінін білу. Дінде жасалуы және сақтануы қажет болған істерді үйрететін ғылым.  

«Ғибадаттардың ең құндысы – фиқһ ілімін үйрену және үйрету.» (Хадис шәриф – Мәжмуа-и Зухдийа)

«Аллаһу та’алаға фиқһтан да үстем нәрсемен ғибадат етілмеді. Шайтанға тек бір ғана фиқһ ғалымының беретін соққысы, мың абидтің (ғибадат етуші құлдың) көрсететін қарсылығынан да әлде қайда күшті болатыны ақиқат. Барлық нәрсенің бір тірегі, негізі бар. Бұл діннің тірегі фиқһ.» (Хадис шәриф – Хулиәт-ул-Әулийа)

«Фиқһ ілімін үйрену әрбір мұсылманға парыз. Ей, мұсылмандар! Үйреніңдер немесе үйретіңдер және фиқһ ілімін үйреніңдер, жаһил (сауатсыз) болып өтпеңдер.» (Хадис шәриф – Әдәб-уд-Дунйа уәд-Дин)

Фиқһ ілімінің негізін салушы – Имам ағзам Әбу Ханифа. Фиқһ ілімінің төрттен үш бөлігі оған тән. (Имам Раббани)

Фиқһ ілімі үлкен төрт бөлімге бөлінеді: 1) Ғибадат: намаз, ораза сияқты ғибадаттар. 2) Мунакәһат: үйлену, ажырасуға байланысты мәселелер. 3) Муамалат: сауда-саттық, жалға алу, серіктестік және т.б. 4) Уқубат: жазалар. (Ахмед Зуһди)

Фиқһтың ғибадат бөлімін үйрену әрбір мұсылманның парызы. Мунакаһат және муамалат бөлімдерін үйрену –фарзи кифайа. Бұл жағдайлар басына түскендерге үйрену парыз болады. (Ибн Абидин)  

Фиқһ ілімі нан, су секілді өте қажет. (Ибн Абидин)