12 - Зүл-қада, 1444 жыл.
     1 - Маусым, 2023 жыл.   


Хұтба

Сөйлеу, хабарлау, уағыз айту деген мағыналарды білдіреді. Имамның жұма намазынан алдын, айт намаздарынан кейін мінберге шығып жамағатқа қарап оқитын, Аллаhқа шүкіршілік, пайғамбарымызға салауат және мүміндерге насихат пен дұғалардан тұратын ғибадат.

Ғибадат – Аллаhу та’аланың әмірлерін орындау деген сөз. Құран кәрім және хұтба оқу – ғибадат.  (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Жұма намаздары мен айт намаздарында хұтбаны қысқа қылып оқу сүннет болып табылады. (Тахтауи)

Хұтбада төрт ұлы халифаның «Хазреті Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (радиаллаhу анhум)» есімдерін  жоғары дауыспен айту, Әhли сүннет жолында болудың белгісі. (Ахмед Фаруқи)

Хұтба оқылып жатқанда орын ауыстырып, жанында отырғандарды мазалау харам болып табылады. (Ибн Абидин)

Хазреті Омар бір хұтбасында былай деген: Ей адамдар! Құран кәрімді үйреніп, онымен амал етіңдер! (Әмірі мен тыйымдарына мойынсұныңдар). (Ибн Абди Раббиh)

Омар ибн Абдулазиз алғашқы хұтбасында былай деген: Ей адамдар! Іштеріңді (көңілдеріңді) түзеңдер, сонда сырттарың (істерің) де түзеледі. Ахиреттеріңді жақсартыңдар, сонда дүниелерің де жақсы болады. (Ибн Абди Раббиh)

Құдыстың жеңісінде, ұлы ғалым Ибн Зәки хұтбасында былай деген: Ей жамағат! Ислам дініне көмектесіңдер. Бұл жолдағы қызметті бір мүмкіндік деп біліңдер. Бір нәрсені жақсы біліп алыңдар, амалдар нәтижелеріне қарай бағаланады. Аллаhу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнуда сіздер мен біздерге Аллаhу та’аланың жәрдемі болсын. Сіздерге Аллаhу та’аланың өзі көмектессе сіздерді кім жеңе алады. Егер көмектеспей, жалғыз тастап қойса, сіздерге кім көмектесе алады. (Ибн Ражаб)