8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Кутуби ситтә

Кутуби ситтә

«Алты кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран кәрімнен кейін, Ислам дінінің қайнар көзі болып табылатын, Хадис шәрифтерден құралған және дұрыс екендігі ислам ғалымдары тарапынан бекітілген алты хадис кітабының барлығына бірдей берілген атау.

Бұл кітаптар: Имам Бухаридің «Сахихи Бухари» кітабы, Имам Мүслимнің «Жамиус-Сахих» кітабы, Имам Маликтің «Мууатта» немесе (Ибн Мажәнің «Сүнен» кітабы) Имам Тирмизидің «Сүнен» кітабы, Әбу Дауд Сүлейманның «Сүнен» кітабы, және Имам Нәсаидің «Сүнен» кітабы.

Мүжтәhид (Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден мағына шығара алатын терең білімді ғалым) бола алу үшін, білу қажет болған ғылымдардың бірі; Кутуби ситтәдағы және басқа да хадис кітаптарындағы жүзмыңдаған хадистерді жатқа білу, әр бір хадистің қашан және не үшін айтылғанын, мағынасының қаншалықты кеңдігін және қайсысы қайсысынан бұрын немесе кейін айтылғанын және бір-біріне байланысты болғандарын, қай хадистің қандай жағдайларға, оқиғаға байланысты айтылғанын және кімдер тарапынан нақл етілгенін, сонымен қатар нақл еткен адамдардың қандай халде, қандай ахлаққа ие екенін білуі қажет.  (Абдулхаким Аруаси)

Хазреті Әбу Бәкірдің халифалығы заманында Бәйт-ул-малдың жауапкері қызметін атқарған хазреті Омар, Ибн Абидиндегі жазылған аяти кәриманы және Күтуби Ситтәның барлығында жазылған Муаз хадисін оқып, “муәллафаи қулуб” атты сыныптағы адамдарға зекет берілуін Расулуллаһ алейһиссалам тоқтатқан деп айтты. Халифа және сахабалардың барлығы мұны қабылдап, бұларға зекет берілуінің тоқтатылғанын және бұдан кейін бұларға зекет берілмеуін иджмамен білдірді. (М. Сыддық Гүмүш)

Бұхари, Мүслим және Кутуби Ситтәдан болған қалған төрт кітапта жазылған мыңдаған хадис шәрифтердің сахих екендігі, олардан кейінгі ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. (М. Сыддық бин Саид)

Кейбір ғалымдар Кутуби Ситтәны санауда Имам Маликтің «Мууатта» кітабының орнына Ибн Мажәның Сунен кітабын есептейді. (Ташкөпрузада)

Ғибадат және үкім мәселелерін хадис кітаптарынан түсіну оңай емес. Үкім – халал, харам нәрселер деген сөз. Хадис кітаптарының ішіндегі ең сенімділері «Сахихи Бухари», «Жамиус-Сахих» және Кутуби ситтәнің қалған төрт кітабы. (Хадими)

Мұхаммед алейhиссаламның пайғамбарлардың ең соңғысы екенін білдіретін жүз елу хадис шәриф бар. Бұлардың отыз шақтысы Кутуби Ситтәда жазылған. Иса алейhиссаламның көктен түсетіні де зарури білдірілген. Бұларға сенбеген адам кәпір болады. (Әнуаршах Кәшмири)

Мазhабсыздар кейбір хадис шәрифтерге қарсы шығады. “Бұларды жеткізгендердің арасында олардың қандай екендігі жақсы танылмаған адамдар да бар” - деп айтады. Біз оларға былай дейміз: «Кейін келгендердің білмеуі, алдын келген ғалымдардың кемшілігі емес». Бұл хадис шәриф Кутуби Ситтәда жоқ деп айтатын болса, хадис шәрифтердің саны тек қана Кутуби Ситтәда білдірілгендермен шектелмейді. Басқа хадис кітаптарында да сахих хадистердің бар екені бір ауыздан білдірілген. (Абдулхаким Аруаси)