6 - Ражаб, 1444 жыл.
     28 - Қаңтар, 2023 жыл.   


Малаяни

Дүние мен ахиретке пайдасы тимейтін іс, бос сөз, қажетсіз нәрсе.

«Аллаһу та’аланың бір құлын жақсы көрмеуінің белгісі – оның малаянимен уақыт өткізуі.» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

«Адамның мұсылмандығының сұлулығы – малаяниден қашуы және қажетті нәрселерді жасауынан аңғарылады.» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

Мен бұл дәрежеге дұрыс сөз сөйлеумен, аманатқа қиянат жасамаумен және малаяниды тәрк етумен қол жеткіздім. (Лұқман Хаким)

Жабир бин Сумрә былай дейді: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) аз сөйлейтін еді. Қажетті болған кезде немесе бір нәрсе сұрағанда сөйлейтін еді.» Бұдан аңғаратынымыз әрбір мұсылманның малаяни, пайдасыз нәрсе айтпауы, үндемеуі қажет. (Мұхаммед Рабхами)

Бір адам ғибадаттарын ықыласпен (тек Аллаһ үшін) жасаса, Аллаһу та’ала да оған малаяниден құтылу ниғметін ихсан етеді. (Жунәйд Бағдади)

Ақиданы (сенімді) түзетпей ахками шәрийаны (халалды, харамды, парызды, уәжіпті) үйренудің ешқандай пайдасы болмайды. Осы екеуі бірге түзетілмейінше жасаған ғибадаттардың пайдасы жоқ. Осы үшеуі бірге жасалынбайынша да жүректің (көңілдің) тазалануы және нәпістің тазаруы мүмкін емес. Осы төрт негізгі міндет көмекшілері және толықтырушыларымен бірге жасалынуы қажет. Мысалыға: парыздар сүннеттерімен бірге жасалуы керек. Парыздардың көмекшілері және толықтырушысы – сүннеттер. Бұлардың біреуі жасалынбайынша қалғандары қажетсіз және пайдасыз болады. Осындай қажетсіз нәрселерге малаяни делінеді. Бір парызды жасамай, оның орнына нәпіл ғибадаттармен айналысу малаянимен уақыт өткізу болады. (Имам Раббани)