МәжусиОтқа табынатын адам. Құран кәрімде былай делінген: «Ол иман келтіргендер, ол яһудилер, ол жұлдыздарға табынғандар, ол христиандар, ол мәжусилер, ол Аллаһқа ортақ (серік) қосқандар, сөзсіз Аллаһу та’ала қиямет күні араларында үкім береді. Дұрыс пен бұрысты ажыратады. Өйткені Аллаһу та’ала барлық нәрсеге куә.» (Хаж сүресі 17) «Барлық балалар мұсылмандыққа сай және бейім болып дүниеге келеді. Оларды кейін ата-аналары христиан , яһуди және мәжуси қылады.» (Хадиси шәриф – Ихяи улумиддин) Мәжусилер “Кисра” деп аталған Ажәм (Иран) патшасы Куштусаб дәуірінде өмір сүрген-сүрмегендігі белгісіз Зардушт деген бір адамның құрған дініне сенеді. Олар өлген адамды көмбейді, мұнараға қойып, құзғындарға жегізеді. (Мәулана Халид Бағдади) |