11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Шапағат

Қиямет күні Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бастауымен барлық пайғамбарлар, ғалымдар, шәһидтер, салихтер (жақсы адамдар), кішкентай жаста қайтыс болған мұсылман балалар және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары күнәсі көп мұсылмандардың күнәларының кешіріліп, жаһаннамнан шығарылуы үшін, жаннаттағылардың дәрежелерінің  көтерілуі үшін Аллаһу та’аладан жалбарынып сұраулары, осы тұрғыда себепші болулары.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «Ол күні Аллаһу та’аланың өзіне шапағат етуге рұқсат берген және сөзінен разы болған адамдардан басқаның шапағаты пайда бермейді.» (Таха сүресі 109)

«Үмбетімнің ішінен үлкен күнә істегендерге шапағат етемін» (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбәл)

«Шапағатыма сенбеген адам оған қауыша алмайды.» (Хадис шәриф – Шират-ул-Ислам)

«Қиямет күні алдымен пайғамбарлар, содан кейін ғалымдар, шәһидтер шапағат етеді.» (Хадис шәриф – Ихия)

Шапағат хақ. Тәубе етпей қайтыс болған мұсылмандардың үлкен-кіші күнәларының кешірілуі үшін пайғамбарлар, әулиелер, тақуалы кісілер, періштелер және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары шапағат етеді және қабыл болады. (Мәулана Халид Бағдади)

Кішкентай балалар анасына және әкесіне шапағат етеді. Тіпті түсік болған балалар да анасына және әкесіне шапағат етеді. (Имам Биргиуи)

Махшар күнінде (қияметте барлық адамдар жиналып, есепке тартылатын жерде) шапағат бес түрлі болады. Біріншісі: Қиямет күні махшарда адамның көптігінен, ұзақ күтуден шаршаған күнәһарлар шыңғырып, тезірек есептің басталуын қалайды. Есептің тезірек басталуы үшін шапағат етіледі. Екіншісі: Сұрақтың, есепке тартудың оңай және тез болуы үшін шапағат етіледі. Үшіншісі: Күнәсы бар мұсылмандардың сират көпірінен тозаққа түспеуі, жаһаннам азабынан қорғалуы үшін шапағат етіледі. Төртіншісі: Күнәсі көп мұсылмандардың жаһаннамнан шығарылуы үшін шапағат етіледі. Бесіншісі: Жаннатта сансыз ниғметтер беріліп, мәңгі қалынатын болса да, сегіз дәрежесі болады. Адамдардың дәрежесі, мақамы, иманы және амалдарының мөлшеріне сай болады. Жаннаттағылардың дәрежелерінің  көтерілуі үшін де шапағат етіледі. (Мәулана Халид Бағдади)

Пайғамбарлардың соңғысы Расулуллаһ алейһиссалам сияқты бір шапағатшы болмағанда, бұл үмбеттің күнәлары өздерін құрдымға кетіретін еді. Шапағатқа ең көп мұқтаж болған осы үмбет. Өйткені бұл үмбеттің күнәлары көп. Алайда, Аллаһу та’аланың кешірімі мен мейірімділігі шексіз. Аллаһу та’аланың бұл үмбетке кешірімімен мейірімін төгетіні соншалық өткен үмбеттердің ешбіріне мұндай рақымдылық еткені білінбеген. Тоқсан тоғыз рақымдылығын құдды осы күнәһар үмбетке бөліп қойғандай... (Имам Раббани)