12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Ахырзаман

Ахырзаман

Дүниенің соңғы уақыты, соңғы кезеңі. Жалпылама пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) келуінен кейінгі, жекелей айтқанда хижраның мың жылынан кейінгі уақыт. 

«Ақырзаманда фитнә (бүлік) және бәлелер көбейеді.» (Хадис шәриф - Рамуз-ул-Әхадис)

Ақырзаман жақындаған сайын имансыздықты көрсететін жағдайлар мен істер, бидғаттар (дінде болмай, ғибадат мақсатымен жасалатын амалдар) көбейеді. Ислам діні ұмытылады. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” былай деген: «Сондай бір заман келеді, үмметімде (маған мойынсұнғандарда) мұсылмандықтың жалғыз аты ғана қалады. Мүмин болғандар (сенгендер) тек бірнеше ислам әдеттерін ғана жасайды. Имандары қалмайды. Тек қана Құран кәрім оқылады, оның әмірлерінен және тыйым салғандарынан хабарлары да болмайды. Ойларының бәрі ішіп-жеу ғана болады. Аллаһу та’аланы ұмытады. Тек қана ақшаға табынады. Әйелдерге құл болады. Аз ақша табумен қанағаттанбайды. Көп ақша тапқанымен тойымсыз болады.» (Қуртуби, Мәктубат)