2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Мұғжиза

Пайғамбарлардың алейһимуссәләм пайғамбарлықтарына дәлел ретінде Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайда болған таңғажайып (әдеттен тыс) халдер.

Бір нәрсенің мұғжиза бола алуы үшін мына шарттардың болуы тиіс: Аллаһу та'ала ол нәрсені дағдылы (үйреншікті) себептердің сыртында жаратқан болуы керек. Таңғажайып (әдеттен тыс) болуы керек. Пайғамбар болған кісінің қалауына сай болуы керек. Қалап, пайда болған мұғжиза өзін өтірікке шығармауы тиіс. Мұғжиза, пайғамбарлығын білдіруден алдын пайда болмауы керек. Бір пайғамардың үмбетінен пайда болған таңғажайып халдер, яғни  кереметтер сол пайғамбардың мұғжизасы болып табылады. (Имам Раббани)

Пайғамбарлар шариғаттың бұйрықтарымен тиымдарын білдіретін. Үмбеттері мұғжиза көрсетуін талап еткенде; "Мұғжизаларды Аллаһу та'ала жаратады. Біздің міндетіміз Оның әмірлерін білдіру" деп айтатын. Аллаһу та'ала қаласа үмбеттеріне мейірімділік танытып, сенулері, бақытқа жетулері үшін сол мезетте мұғжиза жарататын. (Имам Раббани)

Аллаһу та'ала әр пайғамбарға дәуірлерінде маңызды болып саналған жағдайларға байланысты мұғжиза ихсан еткен. Мұса алейһиссаламның замананында сиқыршылық кеңінен таралған еді. Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға аса таяғы мұғжизасын ихсан етті. Мұса алейһиссаламның аса таяғы үлкен жыланға айналып сиқыршылардың сиқыр құралдарын жұтты. Осылайша сиқыршылар, мұның адам күшінің сыртында болғанын түсініп Мұса алейһиссаламға иман келтірді. Иса алейһиссаламның заманында медицина дамыған еді. Емшілер жетістіктерімен мақтанатын еді. Аллаһу та'ала  Иса алейһиссаламға өлілерді тірілту және анасынан көр болып туылғандардың көздерін ашу мұғжизасын ихсан етті. Емшілер дәрменсіз қалды. Ал Мұхаммед алейһиссаламның заманында, Арап түбегінде ақындықпен шешендік өнері ең биік шыңына жеткен сәтте еді. Олар жазған және оқыған өлеңдерімен өзара мақтанатын. Аллаһу та'ала пайғамбарымыз алейһиссаламға ең ұлық мұғжиза ретінде Құран кәрімді жіберді. Құран кәрімнің ижазы (ойды қысқа әрі нұсқа жеткізуі), бірегейлігінің алдында ақындар дәрменсіз қалды. Бір бөлігі Аллаһтың сөзі екенін мойындамай кәпір болып өлді, ал бір бөлігі, Аллаһтың сөзі екенн түсініп мұсылман болды. (Ахмед Фаруқи)

Аллаһу та'аланың әдетінің жене заңдарының сыртында жаратқан мұғжизалардың пайда болуы үшін, пайғамбарлардың  алейһимуссәләм тірі болулары шарт емес. Қайтыс болғаннан кейін де Аллаһу та'ала оларға мұғжиза ихсан етеді. (Абдулғани Наблуси)

Расулаллаһтың “салаллаһу та'ала алейһи уәсәлләм” мұғжизалары мыңнан көп болып, олардың кейбіреулері мыналар: Миғраж мұғжизасы, Шаққ-ы қамар (айдың екіге бөлінуі), мүбәрәк саусақтарынан судың ағып шығу мұғжизасы, Қағба-и муаззаманың ішіндегі пұттардың мүбәрәк саусағының меңзеуімен етбетімен құлау мұғжизасы, өлілердің қайта тірілтілу мұғжизасы, жаралыларға және ауруларға шипа беру мұғжизасы. (Харпутлу Исхақ)