16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   


Мазһаб

Еру, мойынсұну, ұстанатын, жүрілетін жол. Мутлақ мүжтәһид деп аталатын дін ілімінде жетік ғұламалардың мұсылмандардың орындаулары қажет болған жағдайларды діни дәлелдерден (Құран кәрім, хадис шәрифтер және ижмадан) үкім шығару усулдары (әдістері) және шығарып білдірген үкімдерінің жинағы.

Әһли сүннеттің (Расулаллаһтың және сахабаларының жолының) жүздеген мазһабтарының ішінде қазірде тек төрт имамның мазһабы кітаптарға толық жазылып, қалғандары ұмыт болды. Бұл төрт мазһаб: Ханафи, Шафии, Малики және Ханбәли мазһабтары. (Тахтауи, Хамдуллаһ Дәжуи, Мұхаммед Бауа Уилтори)

Сахабалардың (пайғамбарымызды көрген мұсылмандардың) барлығы үлкен ғұлама, терең мүжтәһид еді. Дін ілімдерінде, саясатта, билік-басшылықта, заманының жаратылыстану (дүниелік) білімдерінде және тасаууфта (ахлақ ілімінде) әрқайсысы жетік маман еді. Бұл білімдердің барлығын олар пайғамбарымыздың мүбәрәк жүзін көрумен, көңілдерді алған, рухтарды тартқан сөздерін, сұхбаттарын тыңдау арқылы қысқа уақытта меңгерген. Мүштәһид өз ижтиһадымен амал етуі тиіс болғандықтан әрқайсысының жеке өз мазһабтары бар еді. Мазһабтары арасында бір-бірінен аз-көп айырмашылықтар бар еді. Сахабалардан кейінгі екі ұрпақ: Табеин (сахабаи кирамды көргендер) және Табаи табеин (табеинді көргендер) арасында да мүжтәһид болғандар жиі кездесетін еді. Осы мүжтәһидтердің мазһабтары арасында тек төрт данасы ғана кітаптарға толық жазылып үлгерді және дүние жүзіне тарады. Ал басқаларының мазһабтары ұмытылды. (Сәйид Абдулхаким, Хамдуллаһ Дәжуи)

Әрбір мұсылман ғибадатта, амалда төрт мазһабтың біріне мойынсұнуы керек. Төрт мазһабтан басқа мазһабты ұстану жаиз емес. Төрт мазһабтың біріне мойынсұну үшін бұл мазһабтың фиқһ білімдерін жақсы үйрену керек. Ол да сол мазһабда жазылған фиқһ және илмихал кітаптарынан үйреніледі. (Мұхаммед Абдуррахман Силхәти)

Төрт мазһабтың ақидалары (сенімдері), яғни иман ілімдері бірдей, ешқандай айырмашылықтары жоқ. Төртеуі де әһли сүннет сенімінде. Әһли сүннет сенімінде болмағандарға әһли бидғат, бидғатшы делінеді. (Шәхристани, Тахтауи)

Төрт мазһабтың біреуіне мойынсұну Құран кәрімге және Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мойынсұну деген сөз. Өйткені мазһаб имамдары Құран кәрімде ашық-айқын білдірілген үкімдерді пайғамбарымыздың Құран кәрімге қатысты ашықтамаларын білдіргендеріндей Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілмеген, жабық, жасырын болған мәселелердің үкімдерін де Құран кәрім және хадис шәрифтерді негізге алып ортаға шығарған. (Абдулғани Наблуси)