18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Мазһаб тақлиді

Мазһаб тақлиді

1) Амалда, жасалатын істерде бір мүжтәһидтің ижтиһадтарына (үкімдеріне), фәтуаларына мойынсұну. Төрт мазһабтың бірін үйреніп, қабыл етіп, соны ұстану, сол бойынша амал ету.

Әр мұсылман өзінің дене ерекшеліктеріне, өмір сүретін жерінің климатына, жұмыс, күн кешу шарттарына қарай өзіне ыңғайлы болған төрт хақ мазһабтың бірін таңдайды. Яғни осы мазһабтың илмихал кітабын оқып үйренеді. Бүкіл ғибадаттарын және барлық істерін сол мазһабты тақлид етіп (сол мазһабқа сай) орындайды. Төрт мазһабтың бірін тақлид етпеген (ұстанбаған) адам әһли сүннеттен (пайғамбарымыз және сахабаларының жолында болғандардан) айрылған болады. (Шәрнблали)

Мазһаб тақлиді дегеніміз кітап (Құран кәрім) және сүннеттен (хадис шәрифтен) бөлек деген сөз емес. Керісінше мазһаб имамының кітап және сүннеттен шығарған үкімдеріне мойынсұну, яғни кітаппен сүннетке мойынсұну дегенді білдіреді. (Абдуррахман Силхәти, Наблуси)

Қазіргі таңда дін білімдерін осы төрт мазһабтың бірінің илмиһал кітаптарынан үйренуден басқа шара жоқ. Әркім өзіне оңай болған мазһабты таңдайды. Сол мазһабтың кітаптарын оқып үйренеді. Барлық амалдарын сол мазһабқа сай жасайды. Сол мазһабты тақлид еткен (ұстанған) болады. (Юсуф Набхани)

2) Төрт мазһабтың бірін ұстанатын адамның бір амалды орындауда қажеттілік немесе зәрурет (басқа шара таба алмаған жағдайда) немесе орындау машақат (қиын, мүмкін емес) жағдайда төрт мазһабтың бірінің осы мәселеге қатысты шарттарына мойынсұнуы, үкімінен пайдалануы.

Бір адам өз мазһабында өзінің көзқарасы бойынша емес, дінде білдірілген өлшемдердің төңірегінде бір амалды орындауға мәжбүр қалған жағдайда, қалған үш мазһабтың бірін тақлид ете алады. Бірақ сол мазһабтың осы мәселеге қатысты шарттарының барлығын да орындауы қажет. Мысалы: Ханафи мазһабындағы адам Шафии мазһабын тақлид етіп, нәжіс тиген (ластанған) су қоймасындағы (кіші хауыздағы) судан дәрет алатын болса, бетін жуған кезде ниет етуі және дәреттің тәртібіне (жуу ретіне) мән беруі және имамның артында тұрғанда “Фатиха” сүресін оқуы және намазда тадил әрканды міндетті түрде орындауы керек болады. Егер де бұлар жасалмаса, намаздың бұзалатыны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. (Абдуррахман Имади, Абдулғани Наблуси)

Бір адам бір мазһабқа мойынсұнғаннан (ұстанғаннан) кейін, қажеттілік (мәжбүр жағдай) туындамайынша басқа мазһабты тақлид ете алмайды. Бірақ бір амалды орындауда өз мазһабында қиындық туса, сол амалды басқа мазһабты тақлид ету арқылы орындауы жаиз болады. (Мұхаммед Хадими)