18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Мазһабсыз

Мазһабсыз

Мүжтәһид (діни дәлелдерден үкім шығара алатын үлкен ғалым) болмағанымен, хақ болған төрт мазһабтың біреуін тақлид етпейтін, мазһабтарды қабылдамайтын және діни дәлелдерден өз көзқарасы, өз пікірі бойынша үкім шығарып, соған сайкес амал ететін немесе осындай біреуге мойынсұнатын адасқан жолдағы адам.

Ғибадаттардың дұрыс жасалуын білдіретін төрт хақ мазһаб бар. Бұлардың төртеуі де хақ, дұрыс. Бұл төрт мазһаб: Ханафи, Шафии, Малики, Ханбәли мазһабтары. Әр мұсылманның осы төрт мазһабтың біреуінің фиқһ кітабын оқып, ғибадаттарын осы кітапқа сай орындауы қажет. Осылайша сол мазһабқа кірген болады. Мазһабсыз болған адам әһли сүннет (пайғамбар алейһиссаламның және сахабаларының жолында жүргендерден) емес. (Тахтауи, Хамдуллаһ Дәжуи)

Хақ, дұрыс болған төрт мазһабтың ақидалары яғни имандары бірдей. Иманда араларында айырмашылық жоқ. Төртеуі де Әһли сүннет сенімінде. Әһли сүннет сенімінде болмаған және төрт хақ мазһабтың біріне мойынсұнбаған адам әһли бидғат (бидғатшы, адасушы) немесе мазһабсыз. Бұлар өздеріне “бесінші мазһаб” дейді. “Бесінші мазһаб” деген нәрсе жоқ. (Шәхристани, Юсуф Набхани)

Мазһабсыздар мазһаб имамы болған үлкен ғалымдардың үстемдіктерін қабылдамайды. Өздерінің де Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден үкім шығара алатындарын айтады. Мазһаб ұстанғандары сауатсыз деп айыптайды. Мың жылдан бері келе жатқан дұрыс мұсылмандарды және мазһаб имамдарын тақлид еткен ғалымдарды төмен санап, өздерін шынайы мұсылман және ғасырдың қажеттіліктерін толық қамтыған  жалпы мәдениетті Ислам ғалымы ретінде танытады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Мазһамсыздық дінсіздікке алып баратын көпір. (Заһид-ул-Кәусәри)

Мазһабсыз егер Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілген бір нәрсеге сенбеген немесе күмән келтірген болса, кәпір (имансыз) болады. Ашық түрде білдірілмеген күмәнді дәлелдерді тәуил етіп (өзінің көзқарасы бойынша жорамалдап) қате мағына берген болса, әһли бидғат (адасқан) болады. (Хамдуллаһ Дәжуи)