5 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Ғафил

Ғафлетте қалған, Аллаһу та’аланы, Оның бұйрықтары мен тыйымдарын ұмытқан адам.

«Ғафилдердің арасында Аллаһу та’аланы еске алған адам ғазилардың арасында соғысқан адамдай.» (Хадис шәриф – Кәлами Сәйид-ил-Араб уәл-Ажәм)

Барлық жамандықтардың басы көңілдің (жүректің) Аллаһу та’аладан ғафил қалуы. (Абдулқадир Гейлани)

Дүние ұйқыдағы адамның түсі секілді. Шектеулі болған ниғметтің қандай рахаты (ләззаты, қызығы) болсын? Бір ойлап көрші, кеше ғана сенің қолыңда болған ниғмет бүгін қолыңнан кеткен кезде түс көрген адамнан қандай парқың бар? Аллаһу та’аладан ғафил болғандар осыншалықты көп, олар дүниелік өмірден мұншалықты ғафил емес. Аллаһу та’алаға ғибадат етіп мойынсұнатындар да көп, бірақ дүниелік естеріне бұлай мойынсұнбайды. (Имам Мауәрди)

Мүмин ғафил болмайынша көп күлмейді. (Имам Ғазали)

Терминге сілтеме


Ғафлет

Бостық, ұмыту, тәрк ету. Нәпістің қалауларына еріп, Аллаһу та’аланы және Оның әмірлері мен тыйымдарын ұмыту.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«(Ей, Расулым!) Оларды істің аяқталатын (есеп тапсыратын) күннің ауырлығымен қорқыт. Олар әлі ғафлет ішінде. Олар иман кетірмеуде.» (Мәриәм 39)

«Ей, адамдар! Өлместен бұрын ғафлетті тәрк етіңдер, Аллаһу та’алаға бет бұрыңдар! Тәубе, истиғфар айтып, Аллаһу та’алаға құлшылық етіңдер. Сендерді алдандыратын істерің көбеймес бұрын пайдалы істерді жасауға тырысыңдар. Аллаһу та’аланы көп еске алыңдар. Аллаһу та’аланың разылығын алуға тырысыңдар. Осылай ететін болсаңдар ризықтарың мол болады, табыстарың көбейеді, көмекке қауышып, кемшіліктерің толығады.» (Хадис шәриф – Сунән Ибн Мажә)

«Төрт нәрсе адамның нәсіпсіздігінен және ғафлетінен: көздерінен жас ақпауы, көңілінің (жүрегінің) қатаюы, қиялшыл және қанағатсыз болуы.» (Хадис шәриф – Әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб)

Ғафлет адамға тәкаппарлық береді және құрдымға сүйрейді. (Хазреті Әли)

Адамға ең көп зиян әкелетін нәрсенің не екенін білгім келді. Мұның ғафлет екенін түсіндім. Ғафлеттің адамға беретін зиянын жаһаннам оты да бермейді. Йа, Раббым! Бізді ғафлет ұйқысынан ояндыр! Мейірімділігіңмен және рақымдылығыңмен бұл дұғамды қабыл ет! (Баязид Бистами)

Терминге сілтеме


Ғұсыл

Жүнiп болған әйел мен еркектің, хайз және нифастан тазарған әйелдің аузы және мұрнымен бірге иненің ұшындай құрғақ жер қалмайтындай түрде барлық денесін жууы.  

«Жүніп болған кезде дереу ғұсыл алыңдар. Өйткені, кирамен катибин (екі иықтағы) періштелері жүніп адамнан жиіркенеді.» (Хадис шәриф – Әййуһәл уәләд)

 «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнәсы да кешiрiледi. Жаннаттағы дәрежесi көтеріледі. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауап дүниедегi барлық нәрседен де қайырлы болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiрдім дейдi». (Хадис-шәриф – Ғунйа)

Намаздың дұрыс болуы үшін дәреттің және ғұсылдың дұрыс болуы қажет. (Ибн Абидин)

Кәпір мұсылман болған кезде алдымен ғұсыл алуы мүстаһаб. (Имам Раббани)

Терминге сілтеме