10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Жаиз

Жаиз сөзі сөйлемде қолданылған орнына байланысты әр-түрлі мағынаға келеді:

1- Жаиз сөзі – көбінесе рұқсат берілген, күнә емес деген мағыналарға келеді. Бірақ бұл жаиз делінген нәрсені жасамау абзал болады.

2- Жасалуы өте жақсы дегенді білдіреді.

3- Жасалуы тәнзиһан мәкрух дегенді білдіреді.

4- Жасалуы тахриман мәкрух дегенді білдіреді.

5- Жасалуы мубах деген сөз.

6- Жасалуы уәжіп дегенді білдіреді.

7- Жасалуы күнә деген сөз.

Енді бұларға бірнеше мысал келтірейік:

1- «Жамағатпен намаз оқығаннан кейін дұғаны күтпестен шығып кету жаиз» делінеді. Күнә емес, шығуына болады, бірақ шықпай дұғаны күту одан да абзал болады деген сөз.

«Құран кәрімді дәретсіз жатқа оқу жаиз» деген де осылай. Күнә емес, бірақ дәретпен оқу одан да абзал болып табылады.

2- «Намазда руку және сәжде тәсбихтерін үштен артық (5,7,9,11 секілді) айту жаиз» дегеніміз өте жақсы болады, мүстаһаб болады деген сөз.

«Дәреті бұзылмаса да әр намаз үшін дәреттің үстінен дәрет алу жаиз» деген де жақсы болады дегенді білдіреді. «Жұма намазында имамның сәһу сәждесін жасамауы жаиз болады» деген де осылай.

3- «Шарап жасайтын адамға жүзім сату жаиз» делінуі тәнзиһан мәкрух, бір мәжбүрлік болмайынша бұлай жасалмауы жақсы болады, жасалса күнә болмайды дегенді білдіреді. «Күннің астында жылынған сумен дәрет алу жаиз, бірақ тәнзиһан мәкрух» деген де осылай.

4- «Христиан әйелге үйлену жаиз» дегені егер әйел “зимми” болса, тәнзиһан мәкрух, “харби” болса, тахриман мәкрух деген сөз.

(Халифалық дәуірінде, ислам мемлекетінде өмір сүріп жизиа және хараж деп аталатын салық төлеп тұрған кәпір азаматтар зимми деп аталған, ал өз мемлекетінде өмір сүріп ислам мемлекетіне тәуелді болмаған кәпірлер харби кәпір деп аталған.)

5- «Мақтадан тігілген көйлек кию жаиз» дегені, бұлай жасауда немесе жасамауда ешқандай зиян жоқ дегенді білдіреді.

Мұндай мубах амалдар ниетке қарай жақсы немесе жаман болып өзгереді. Мәселен әйелдердің сәнденуі (әшекейлерін тағуы, боянуы) жаиз. Күйеуі үшін сәнденуі жақсы болады, бөтен еркектер үшін сәнденуі жаиз болмайды.

6- «Ауру себебімен жарасынан қан, ірің тоқтаусыз ағатын адамдардың, зәрін ұстай алмайтын адамдардың дәрет және намаздарының бұзылмауы үшін Малики мазһабын тақлид етуі жаиз» дегеніміз жасалуы керек дегенді білдіреді. «Әйел парик тағып көшеге шыға алмайды. Бірақ еркектер арасында басын ашып жүруге мәжбүр болған жағдайда парик киіп басын жабуы жаиз болады» деу де басын ашып жүруі күнә болады, парик киюі шарт дегенді білдіреді.

7- «Әкенің мал-мүлкінің барлығын бір баласына сыйға беруі жаиз болады» дегеніміз сыйды алған балаға мұның еш зияны жоқ, бірақ балаларының арасынан сол баласын бөлектегені, өзгеше тұтқаны үшін әкеге күнә болады деген сөз.

Терминге сілтеме


Жүніп

            Ғұсыл алуы қажетті адам. Жүнiптiк, еркекпен әйелде жыныстық қатынас және ихтилам (поллюция, ұйқыда жүніп болу) арқылы немесе басқа да жолмен мәни (сперма) бөлініп сыртқа шыққанда болады. Ғұсыл алғанда (яғни шомылғанда) жүніптіктен құтылады.

            Аяти кәримада былай делінген: «Егер жүніп болсаңдар (жуыну, ғұсыл алу арқылы) тазаланыңдар...» (Маида сүресі 6)

            «Жүніп болған кезде дереу ғұсыл алыңдар. Өйткені, кирамен катибин (екі иықтағы) періштелері жүніп адамнан жиіркенеді.» (Хадис шәриф – Әййуһәл уәләд)

«Жанды нәрсенің суреті, ит және жүніп болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.» (Хадис шәриф – Нәсаи)

«Намаз оқитын және оқымайтын адам бір намаз уақытын жүніп халде өткізсе, өте ауыр азап тартады.» (Хадис шәриф – Ибн Хажар Мәкки)

«Жүніп және хайзды кезде мешітке кіру, тіпті мешіттің ішінен өту, Құран кәрім оқу, Құран кәрімді ұстау, Қағба муаззаманы тауаф ету харам.» (Хадис шәриф – Ибн Абидин)

Бір адам жүніп болса да, ғұсыл алмай бір намаз уақытын өткізсе, ол адамға оттан көйлек кидіріледі. (Имам Ғазали)

Жүніп болған әрбір әйелмен еркектің және хайз, нифастан арылған әйелдердің намаз уақыты соңына қарай сол намазды оқитындай уақыт қалғанда, ғұсыл алуы парыз болады. (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Жәбрийа

            Хижри бірінші ғасырдың соңдарында және екінші ғасырдың бастарында пайда болған, “күнә істеудің адамға зияны жоқ, Аллаһқа қарсы шыққандар (кәпірлер), фасықтар (ашықша күнә істегендер) ешқандай азап көрмейді” деп Әһли сүннеттен (пайғамбарымыздың және сахабалардың жолынан) ажыраған, адасқан топ. Мүржийа деп те аталады.

            Жабрийа ағымы, адам мүлдем іс істемейді. Жансыз денелер секілді әрекет етеді. Адамның құдіреті, қалау еркіндігі жоқ. Адамдар жақсы іс істегенде сауап алмайды, жаман іс істегенде азапқа ұшырамайды деп санайды. Кәпірлер, күнә істегендер өз істеріне жауапты емес, өйткені адамның барлық істерін Аллаһ жаратуда, адам қаласа да, қаламаса да Аллаһ күнә жаратып адамға мәжбүрлеп істетіп жатыр, сондықтан адам күнә істеуге мәжбүр деп айтуда. Олардың бұлай деп айтулары күфір, имансыздық. Бұларды мүржийа деп те атайды, бұлар малғұн (лағынеттелгендер). Күнә адамға зиян бермейді, фасық азап көрмейді деп айтуда. Мүржийалардың сенімі толығымен қате, бұзық. Өйткені өз еркімізбен, өз қалауымызбен әрекет етіп жатқанымыз, әрекетіміз діріл түрінде немесе рефлекс халінде еместігі анық. Қолымызбен бір нәрсені ұстауымыз әлбетте өз қалауымызбен. Көздің тартуы, жүректің соғуы болса бұлай емес. Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уәсәлләм: “Мүржийа ағымында болғандарға жетпіс пайғамбар лағынет айтқан” деп бұйырған. (Имам Раббани)

            Жәбрийа тобының өкілдерінің айтқанындай адамда қалау еркіндігі болмағанда, жамандықтарды, күнәларды Аллаһу та’ала мәжбүрлеп жасатқанда, қол-аяғы байланып таудан төмен қарай домалатылған адаммен жүріп, айналасын тамашалап түскен адамның әрекеттерінің бір-бірінен айырмашылығы болмауы керек еді. Алайда біріншісінің домалануы мәжбүрлеп, ал екіншісінің түсуі өз қалауымен болуда. (Мәулана Халид Бағдади)

Терминге сілтеме


Жаһил

            1) Аллаһу та’аланы ұмытқан, ғафил (нәпсіне еріп, азғындыққа түскен), ілімсіз, сауатсыз, надан деген мағыналарға келеді.

            Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Жаһилдер, ақымақтар дүниедегі зауқпен ләззаттарға қауышу үшін, діндерін, имандарын берді. Ахиреттерін сатып, дүниені, шәһуаттарының қалауларын алды. Құтылу жолын тастап, пәлекетке жүгірді. Бұл саудаларынан ешнәрсе ұтпады. Бұлар сауда және табыс жолын білмеді. Өте зиян етті.» (Бақара сүресі 16)

            «Өзінің ғалым екенін айтқан адам – жаһил» (Хадис шәриф – Кәшфул-хафа)

            «Ақыр заманда ғибадат ететіндердің көбі дін жаһилі болады.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

            2) Ілімімен амал етпейтін адам дегенді білдіреді.

Қанша оқысаң оқы, қанша үйренсең үйрен, қаншама ілім алсаң ал, онымен амал етпейінше жаһилсің. (Сади Ширази)

Терминге сілтеме


Жафарийа

Хазреті Әлидің немерелерінен болған Жафар Садыққа мойынсұнатындықтарын айтатын бұзылған Имамийа сектасының отыз екінші тармағы.

Жафарилердің Әһли бәйтті жақсы көреміз деулері, христиандардың хазреті исаны жақсы көреміз деулеріне ұқсайды. Өйткені христиандар хазреті Исаның дінін бұзып, өзгерткендеріндей, Жафарийа сектасының сенімдері де Имам Жафар Садықтың жолына мүлдем сай келмеуде. (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Жахим

Жаһаннамның төртінші қабатына берілген атау. Күнге және жұлдызға табынатындар азапталатын жаһаннам.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Жаһим болса азғындарға ап-анық көрсетіледі. Және оларға табынған (нәрселерің) қайда? Сендерге жәрдем беріп жатыр ма? Немесе өздерін (азаптан) құтқара алуда ма? деп айтылады.» (Шуара сүресі 91-93)

Терминге сілтеме


Жарийә

Күң. Соғыста тұтқынға алынып, Ислам мемлекетіне әкелінген әйел құлға айтылады.

«Сендерден ешбірлерің мәмлүкіне (құлына), құлым, жарийәм (күңім) деп шақырмасын. Жігітім, ұлым, қызым десін Олар да сендерге мырзам десін» (Хадис шәриф – Ән-Нихайә)

Құлдың, жарийәның напақасын беру (азығын, керек-жарақтарын қамтамасыз ету) қожайынына парыз. (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Жасиә сүресі

Құран кәрімнің қырық бесінші сүресі. Ха-мим деп те аталады. Жасиә сүресі Меккеде түскен. Отыз жеті аяти кәримадан тұрады. “Қорқыныш және үрейден түрегеп тұра алмай тізерлеп жерге шөккен” деген мағынаны білдіретін жиырма сегізінші аятта өткен “жасиә” сөзі сүреге есім болған. Сүреде Аллаһу та’аланың бар екендігін, құдіретін, ұлылығын көрсететін жаратылыстардағы шеберліктер, жүйеліліктер айтылады, Кәпірлердің, қырсықтықтарына ишара етілуде, Исраил ұлдарының Аллаһу та’аланың мейірім және ихсандарына қауышқандарымен ниғметтің қадірін білмей, шүкірсіздік еткендіктері хабар берілуде, Қиямет күнінің аласапыран жағдайы және ол күні адамдарға амал дәптерлерінің куәлік ететіндіктері, муминдердің, сенген адамдардың ахиретте үлкен ниғметтерге қауыштындықтары сүйіншіленуде. Ал қарсы шыққандардың, сенбегендердің, ақидалары бұзық болғандардың ауыр азаптарға ұшырайтыны, Аллаһу та’аланың ұлылығы, бүкіл ғаламға болған билігі және тағы басқа жағдайлар баяндалуда. (Фахреддин Рази)

Жасиә сүресінде былай делінеді:

«Кімде кім салих (әдемі, жақсы) амал жасаса (мұның сауабы) өзіне. Ал кімде кім жамандық етсе (мұның жазасы) өзіне. Кейін (барлықтарың) Раббыларыңа қайтарыласыңдар.» (15-ші аят)

«Кімде кім Ха-мим (әл-Жасиә) сүресін оқыса, есеп беру күні Аллаһу та’ала оның әуретін (ұялатын нәрселерін) перделейді және қорқынышын кетіреді.» (Халдис шәриф – Әнуарут-тәнзил уә Әсрарут-тәуил)

Терминге сілтеме


Жәббар

1) Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Құлдарының халдерін тазартып, тәубеге келтіретін, қалағанын жасатуға құдіреті жететін дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Аллаһу та’ала Мухәймин (барлық нәрсеге қамқоршы), Азиз (үкімінде жеңуші), Жәббар, мутәкәббир (Кибрия, ұлылыққа тек қана Ол лайықты). Аллаһ мүшриктердің ортақ қосуларынан пәк.» (Хашр сүресі 23 аят)

«Жәббар болған (Аллаһу та’ала) қиямет күні Мүлкі болған көктерді және жерлерді қолына (құдіретіне) алады және айтады: Жәббар менмін, Әмірші менмін, жәббарлар, тәкаппарлар (өздерін үстем деп білгендер) қайда?» (Хадис шәриф – Сунени Ибн Мажә)

Таңертең және кешкісін Әл-Жаббар есім шәрифін айтып жүруді жалғастырған адам залымдардың зұлымдығынан қорғалады. Сапарда болса да зиян көрмейді. (Юсуф Набхани)

2) Кібірлі, жауыз дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Ол пайғамбарлар дұшпандарына қарсы Аллаһу та’аладан жеңіс тіледі және барлық қырсық, жәббар (жауыздар) да жеңіліске ұшырады.» (Ибраһим сүресі 15)

«Жаннат пен жаһаннам былай сөз таластырды. Жаһаннам: Менде жәббарлар (жауыздар), тәкаппарлар бар, деді. Жаннат болса: Менде Аллаһтан қорқатын әлсіздер және кедейлер бар, деді. Бұған байланысты Аллаһу та’ала бұлардың дауларын былай шешті: “Ей Жаннат, Сен менің мейірімімсің. Сенімен қалағаныма рахаттық беремін. Ей жаһаннам, сен менің азабымсың. Қалағанымды сенімен азаптаймын. Екеуіңді де толтыру маған тән.”» (Хадис шәриф – Мүслим, Риязус-Салихин)

«Адамдар кібірлене, кібірлене жәббарлар (жауыздар) қатарына өтеді. Жәббардың басына келетін азап, олардың да басына келеді.» (Хадис шәриф – Тирмизи, Ибн Мажә)

Терминге сілтеме


Жәбәли Нур

Нұр тауы. Мекке мукарраманың жанындағы пайғамбарымызға алғаш уахи келген мүбәрәк тау. Хира, Хира нур тауы деп те аталады.

Пайғамбарымыз, пайғамбарлығы білдірілмей тұрып қасына азық-түлік алып жәбәли нур тауына баратын. Мұнда бір адам сиятындай көлемде болған Хира үңгірі деп аталатын жерде тәфәккур және ғибатат ететін еді. Қырық жасында рамазан айының он жетінші дүйсенбі түні Хира үңгірінде тәфәккур етіп отырғанында Жәбрейіл алейһиссалам Алақ сүресінің алғашқы бес аяти кәримасын әкелді. (Юсуф Набхани, Қасталани)

Терминге сілтеме


Жәбәли рахмет

Рахмет (мейірім) тауы деген мағынаны беретін Арафат жазығындағы төбешік.

Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм уәда қажылығында арафа күні Жәбәли рахмет деп аталатын қою жасыл түсті тастардан қүұралған төбешіктің етегінде жүзмыңнан астам мұсылмандарға Кусуа атты түйесінде отырып уәда хұтбасын оқып сахабаларымен қоштасты. (Халеби)

Адам алейһиссаламмен Хауа анамыз Жәбрейіл алейһиссаламның жол көрсетуімен арафат жазығында табысты. Адам алейһиссалам жәбәли рахмет төбешігінде Аллаһу та’аладан рахмет және кешірім тілегенінде дұғасы қабыл болды. Сондықтан бұл төбешік жәбәли рахмет деп аталды. (Алтыпармақ Мұхаммед)

Терминге сілтеме


Жәбрейіл алейһиссалам

Төрт үлкен періштенің бірі. Пайғамбарларға уахи әкелу, оларға Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын білдірумен міндеттелген. Оған Жибрил, Рухул-Әмин, Рухул-Қудс, Намуси Әкбәр деп те айтылады.

Аяти кәримада былай делінеді:

«Шынында Жибрил Құран кәрімді Аллаһу та’аланың рұқсатымен сенің көңіліңе түсірді.» (Бақара сүресі 97)

«Аллаһу та’ала Жәбрейілге (алейһиссалам) “пәлен қаланы жердің түбіне түсір” деп әмір етті. Жәбрейіл “Бұл қаладағы пәлен құлың саған бір мезет те қарсы шықпады, үнемі мойынсұнып, ғибадат етуде” дегенінде, Аллаһу та’ала “оны да бірге түсір. Өйткені күнә істеп жатқандарды көргенінде бір рет те жүзін өзгертпеді”, деді.» (Хадис шәриф – Мәктубат Раббани)

Жәбрейіл алейһиссалам көбінесе Расуллулаһтың құзырына асхабы кирамнан Дихие Кәлбидің бейнесінде келетін еді. Расулуллаһ алейһиссалам Бәни Умәййәдан үш адамды үш адамға ұқсатып былай деді: «Дихие Кәлби Жәбрейілге, Уруә бин Мәсуд Сәкафи, Исаға, Абдулуззә болса Дәжжалға ұқсайды.» (Хадис шәриф – Ихиау Улумуддин)

«Шүбһәсіз Аллаһу та’ала бір құлынан разы болып оны жақсы көргенінде Жәбрейіл алейһиссаламды шақырып оған бұйырады. Мен пәлен құлым жақсы көремін, сен де оны жақсы көр. Жәбрейіл алейһиссалам оны жақсы көреді. Кейін аспанда дауыстап Аллаһу та’ала пәлен құлын жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер, дейді. Аспандағылар да оны жақсы көреді. Кейін оған деген сүйіспеншілік жердегілердің де көңілдерінде орнығады.» (Хадис шәриф – Сахих Мүслим)

Адам алейһиссаламның бойы және өмір жасы нақты білдірілмеді. Бір риуаят бойынша мың жыл өмір сүріп, бес жүз жасында пайғамбар болды делінеді. Аллаһу та’ала оған он кітап жіберді. Жибрил алейһиссалам оған он екі рет келген. (Нишанжы Мұхаммед)

Терминге сілтеме


Жаһаннам

Кәпірлердің тұрақты түрде, мәңгі, ал күнәһар мұсымандардың болса күнәларының мөлшеріндей азапталатын жер.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Кім Аллаһу та’ала мен расулына табандылықпен қарсы шығып, жоққа шығару арқылы Аллаһу та’аланың қойған шектеулерінен асатын болса оны, ішінде шексіз қалатын жаһаннамға тастайды. (Аллаһу та’аланың және пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламның әмірлеріне мән бермегендер, ұнатпағандар, заманға, ғылымға, заманауи қажеттіліктерге сай емес дейтіндер қияметте жаһаннам отынан құтыла алмайды.) Бұларға жаһаннамда өте ауыр азап бар. (Ниса сүресі 14)

«Ей мұсылмандар жамағаты! Аллаһу та’аланың сендерді үгіттеген нәрселерге талпыныңдар және Оның тыйым салғандарынан сақтаныңдар. Аллаһу та’аланың қорқытқан нәрселерінен қорқыңдар. Оның жазасынан, азабынан, жаһаннамынан қорқыңдар. Мына тұрып жатқан жерлеріңде оның отынан бір түйір ұшқын пайда болса, бұл дүниені сендер үшін өмір сүре алмайтын халге келтіреді. (Хадис шәриф – Ихиау Улумуддин, Тәзкирәи Қуртуби)

Жаһаннам жеті қабаттан тұрады: Бірінші қабаты ең жеңілі. Бірақ азабы дүниелік оттан жетпіс есе қуатты. Аты жаһаннам. Мұнда мұсылмандардан бір бөлігі жанып күнәларынан тазарады. Ал Кәпірлердің тұрақты азап көретін жаһаннамның басқа қабаттары: Саир, Сакар, Жахим, Хутама, Лази және Хауийә. (Садәти Әбәдийә)

Бір нәрсені іздеген адам оның соңынан қуатыны, ал бір нәрседен қорққан адам одан қашатын болғанымен, жаннатты іздеп жаһаннамнан қашқан адамның бұларға еш мән берместен ұйқыда қалулары неткен ақылға қонымсыз нәрсе. (Амир бин Абдуллаһ)

Жаһаннамға кіру және шексіз түрде сонда қалу иманды естігеннен кейін ширк (серік) қосқандар үшін. (Қадызада)

Жаннат және жаһаннам қазір бар және мәңгілік бар болады. (Омар Мәсәфи)

Жаһаннамнан ең соңғы шығатын мүмин жеті мың аһирет жылы жанады. Ахиреттің бір күні дүниенің мың жылына тең. (Қадызада Ахмед Әмин)

Күнәлар ғафлетке, Аллаһу та’аланы ұмытуға, ал ғафлет болса көңілдің (жүректің) қатаюына себеп болады. Көңілдің қатаюы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Аллаһу та’аладан алыстау болса жаһаннамға жетелейді. (Харис Әл-Мухасиби)

Терминге сілтеме


Жәхмийә

Жәбрийә сектасының бір тармағы. Хижри екінші ғасырда Жәһм бин Саффан тарапынан құрылған бұзылған топ.

Жәхмийә сектасында болғандар құлдардың амал, әрекеттерін жәбр (зорлықпен, еріксіз) және мәжбүрленіп жасайтындарын айтып құлдың қалау еріктілігін толығымен жоққа шығаруда. Иманның тек қана ұлы Аллаһты білу екендігін, ал күпірдің болса тек оны білмеу ғана екендігін айтады. Ахиретте Аллаһу та’аланың көрінбетінін айтып, қабір азабын, сырат және мизанды жоққа шығарады. (Абдулқаһир Бағдади)

Терминге сілтеме


Жәлил (Әл-Жәлил)

Жәлал, ұлылық иесі деген мағынадағы Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен).

Терминге сілтеме


Жәллә жәлалуһ

«Ол ұлы» деген мағынаны білдіретін, Аллаһу та’аланың есім шәрифі айтылғанда, жазылғанда және естілгенде айтылатын тағзым (құрмет білдіретін) сөз.

Терминге сілтеме


Жәлсә

Намазда екі сәжде арасында әрекетсіз бір мезет отыруға айтылады. (Тадили әркан бөлімін қараңыз)

Рукуда, сәжделерде және қаумәда (Рукудан түрегеп тік тұрғанда) және жәлсәда дене бір мезет туманинет (әрекетсіз) тұруы керек. Ханафи ғалымдарының көбісі бұған уәжіп деген. Имам Әбу Юсуф және Имам Шафии және Имам Малик болса бұған парыз деген. Кейбір Ханафи ғалымдары болса бұған сүннет деген. Мұсылмандардың көпшілігі мұны орындамауда. Бұл амалды орындағанға және жарыққа шығарғандарға Аллаһ жолында соғысып жанын берген жүз шәһидтің сауабынан көп сауап беріледі. (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Жәм

Біріктіру, бір араға келтіру.

1) Екінді намазын бесін намазымен, құптан намазын ақшам намазымен бірлестіріп оқу дегенді білдіреді.

Сафари болмаған (104 км-ден аз жол жүретін) Ханафаи мазһабындағы бір жолаушы, Шафии мазһабына ұйып екі намазды жәм ете алмайды. (Шәмсәддин Рәмли)

Сафари болған (104 км-ден астам жол жүруге шешім қабылдаған) бір Ханафи, салар барысында басқа үш мазһабқа ұйып, көлік тоқтаған кездерде, бесінмен екіндіні және ақшаммен құптан намаздары жәм ете алады. (Хайреддин Рәмли)

Ханафи мазһабында тек Арафат алаңында және Муздәлифада қажылардың екі намазды жәм етулері керек. (Абдуллаһ Мусули)

2) Тасаууфтағы бір мақам (дәреже). Фена және сәкр (рухани мастық) мақамы деп те аталады.

Жәм мақамында Хақ та’аланың бар екендігі көңілді қаптап, салик (тасауф жолаушысы) өзінің фәни болмысын жоқ деп көреді. Халлаж Мансурдың “Әнәл хақ”, Баязиди Бистамидің “Субхани” сөздері және осыған ұқсастары осы мақамның әсерінен болған. Аллаһу та’аладан басқа ешнәрсе көрмеген кезде айтылған сөздер. Аллаһу та’ала махлұқтарымен (жаратқандарымен) біріккен емес. Олардың жеке өзі немесе ұқсасы да емес. Ол ешбір тұрғыдан жаратқан махлұқтарына ұқсамайды. Халлаж Мансур “әнәл хақ” деп айтуымен “мен хақпын, Хақ та’аламен бірлестім” деп айтпақ болған емес. Бұлай деген адам кәпір болады. Оның сөзінің мағынасы “Мен жоқпын. Хақ та’ала бар” дегенді білдіреді. (Имам Раббани, Мұхаммед Масум)

Терминге сілтеме


Жамағат

 Адамдардыңжиыны.

1) Ғибадатетуүшінбіржергежиналғанадамдартобы.

«Жамағатпен оқылған намазға, жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті есе көп сауап беріледі (Хадис шәриф - Тирмизи)

«Жақсылап дәрет алып, мешіттердің біріне жамағатпен намаз оқу үшін барған адамның Аллаһутаала әрбір қадамына бір сауап жазады және әрбір қадамында амал дәптерінен бір күнәсын өшіреді және жаннатта оны бір дәрежеге көтереді (Хадисшәриф – Әт-Тәрғиб-уәт-Тәрһиб)

"Нәпіл намаздарды жамағатпен оқу мәкрух." (Имам Раббани)

"Ей бауырларым! Сендер үшін үш нәрсені ұнаттым. Құран кәрімді күндіз-түні оқуларыңды, жамағатты жалғастыруларыңды және жаман істерге кедергі болуларыңды." (Абдуллаһ ибн Аун)

"Адамдар арасында да, жалғыз кезде де Аллаһута’аладан қорқ. Бес уақыт намазды жамағатпен оқы. Харамға бет бұрма. Осылайша Аллаһута’алаға жақындардан боласың." (Абдуллаһ бин Динар)

"Дүниеде Аллаһута’аланың сүйгендерімен бірге болу және жамағатпен намаз оқудан да ләззатты нәрсе қалмады." (ЖакирәлКурди)

2) Пайғамбарымыз және сахабаларының білдірген хақ жолда болған мұсылмандар, әһли сүннет уәлжамағат.

«Шайтан адамдардың қасқыры. Шетте, тасада қалған, отардан бөлінген қойға қасқыр шабатынындай, шайтан да жамағаттан бөлінгендерді уысына түсіреді. Абай болыңдар, жамағаттан бөлінбеңдер (Хадис шәриф – Мухтасар фи илмил-Хадис)

«Жамағатрахмет (мейірім) болып табылады. Ал бөлінуазап (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбел)

«Жамағатқа жабысыңдар. Өйткені Аллаһутаала бұл үмбетті

Терминге сілтеме


Жәмил (Әл-Жәмил)

Аллаһу та’аланың есім шәрифтерінен. Жамал (көркемдік) иесі.

«Аллаһутаала Жәмил, жамал иелерін жақсы көреді (Хадис шәриф – Бахрур-Раиқ)

Терминге сілтеме