13 - Ражаб, 1444 жыл.
     4 - Ақпан, 2023 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Су-и зан

Жаман ойлау, жаман күмәнда болу.

«Су-и зан етпеңдер. Су-и зан қате шешім қабылдауға себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздемеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, дұшпандық және хасед етпеңдер, бір-бірлеріңді бауырдай жақсы көріңдер, бір-бірлеріңді шағыстырмаңдар. Мұсылман – мұсылманның бауыры.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Мұсылмандарға суи-зан етпеу керек, жаман деп білмеу керек, ешкімді мазақ етпеу керек, дұрыс сөйлеу керек. (Имам Раббани)

Ей, балам! Мұсылмандар жайында жаман ойлама. Су-и занды тәрк ет. Өйткені су-и зан сені ешкіммен дос қылмайды. (Лұқман Хаким)

Бір адам көз алдымда бір қателік жасап, сосын жоғалып кетсе, оның тәубе еткеніне сеніп, ол туралы су-и занда болмаймын. (Ахмед бин Яхия әл-Жала)

Терминге сілтеме


Сүрме

Кірпіктің түбіне жағылатын қара түсті бояу.

«Үш нәрсе көзді қуаттандырады: сүрме жағу, жасыл түске және (қарауы халал болған) сұлу жүзге  қарау.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мисуак және тарағын үнемі алып жүретін, мүбәрәк шашын және сақалын тарағанда айнаға қарайтын. Түнде мүбәрәк көздеріне сүрме жағатын еді. (Имам Ахмед Қасталани)

Терминге сілтеме


Сахаба

Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләмді) бір рет болса да көріп, соқыр болса сөйлесіп, иман келтірген үлкен-кіші мұсылмандардың бірнешеуіне немесе одан да көбіне берілген есім. “Сахиб” сөзінің көпше түрі болып табылады. Құрметпен “Расуллуллаһтың құрметті және мүбәрәк достары” мағынасында “сахаба-и кирам” немесе “асхаби кирам” делінеді. Сонымен қатар олардың аты аталғанда “Аллаһу та’ала олардан разы болсын!” деген мағынада “радиаллаһу анһум әжмаин” деп айтылады.

Барлық ислам ғұламалары былай дейді: «Сахаба-и кирам “алеймурридуан” пайғамбарлардан “алейһимуссалауату уәттәслимат” кейін адамдардың ең абзалы, ең үстемдері.» Расулуллаһты “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” бір рет көрген мұсылман көрмегендердің барлығынан, тіпті Уәйсәл Қараниден де әлде қайда үстем. Асхаби кирам “алейһимурридуан” Шамға барғанда, оларды көрген христиандар олардың халдеріне таң қалып: «Бұлар Иса алейһиссаламның хауарилерінен (достарынан) де үстем» деді. Ұлы ислам ғалымы Абдуллаһ бин Мүбәрәк “рахметуллаһи алейһ” былай дейді: «Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” қасында бара жатқан хазреті Муауияның (радиаллаһу анһ) мінген атының мұрнына кірген тозаң (келесі ұрпақтан болған) Омар бин Абдулазизден мыңдаған есе қадірлі.» (Имам Раббани)

Сахаба-и кирамның “алейһимурридуан” үстемдіктерін білдірген аяти кәрима мен хадис шәрифтер өте көп. (Имам Раббани)

Терминге сілтеме