2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Нафақа

Адамның өмір сүруі үшін азық-түлік, киім-кешек және үй сияқты қажетті заттар.

«Әрбір мұсылман өзінің отбасына Аллаhу та’аланың разылығын үміт етіп, инфақ (нафақасын, қажеттіліктерін қамтамасыз) етсе, бұл нафақа ол үшін садақа болады.» (Хадис шәриф – Сахих Бұхари)

«Дін жолында соғысу үшін, құлды азат ету үшін, кедейге садақа беру үшін және отбасындағылардың нафақасы үшін жұмсалған алтындардың ең үстемі және сауабы көп болғаны отбасының нафақасы үшін берілген алтынның сауабы болып табылады.» (Хадис шәриф – Кимия-и Саадәт)

Парыздарды орындай алмайтындай мөлшерде аз тамақ жеу жаиз емес. Өзінің және бала-шағасының нафақасын (тамағы, киімі, баспанасын) қамтамасыз ететіндей және қарыздарынан құтылатындай мөлшерде еңбек ету парыз. (Абдуллаһ Мусули)

Аллаhу та’ала құлдарына өте мейірімді болғаны үшін барлығының ризығын, нафақасын Өзіне жүктеген. Аллаhу та’ала құлдарынан бірнеше адамның ризықтарын, нафақаларын қамтамасыз етуі үшін және олардың өсіп-жетілулері және рахат өмір сүрулері үшін бір құлын міндеттесе, ол құлына үлкен ихсан (жақсылық) еткен болады. (Имам Раббани)

Әйелінің нафақасын мол беру керек. Бірақ ысырап та етпеу керек. Әйелінің нафақасы үшін берілген ақшаның сауабы садақа сауабынан да көп. (Имам Ғазали)

Терминге сілтеме


Ниғмет

Жақсылық, ризық, бақыт.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Әр ниғметтің шүкірінен міндетті түрде сұраласыңдар.» (Тәкәсур сүресі 8)

«Аллаһу та’ала бір құлына ниғмет бергенінде, ол ниғметтің белгісін (әсерін) сол құлдың үстінде көргенін қалайды.» (Хадис шәриф – Табарани)

«Бір мұсылманда үш нәрсе бар болса, Аллаһу та’ала оны сақтайды және қамқорлығына алады. Оны жақсы көреді және мейірім етеді. Бұлар: ниғметке шүкір ету, залымды кешіру, ашуланғанда ашуын жеңу.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Көбінесе молшылық және ниғметтер ішінде өмір сүретін адамдар осы ниғметтері қолынан кетпейінше оның құндылығын және қадірін түсінбейді. (Әли Хаууас Барлиси)

Ниғметтердің негізгісі – үш ниғмет. Біріншісі – бүкіл жақсылықтарды қамтыған ислам ниғметі. Екіншісі – өмір сүрудің негізі болған денсаулық және амандық ниғметі. Үшіншісі – адамға пайдалы болған (азғырмайтын) байлық. (Әбу Юсуф)

Адам үшін шашы мен сақалын иманмен және ғибадаттармен ағартуы неткен үлкен ниғмет. Ниғмет қаншалықты көп болса, соншалықты көп шүкір ету қажет. Байлардың бай болу дәрежелеріне қарай кедейлерден де көп шүкір етуі қажет. (Имам Раббани)

Қиыншылықтарға сабыр етпеген адамда разылық, ниғметтерге шүкіршілік етпеген адамда кемелдік жоқ. Аллаhу та’алаға ант етейін, арифтер (Аллаhтың сүйікті құлдары) Аллаhу та’аланы жақсы көру, тағдырына разы болу (Аллаһу та’ала тарапынан келгендерге разы болу) және берген ниғметтеріне шүкір ету арқылы мақсаттарына қауышқан. (Әбу Әли Сақафи)

Ниғметтердің ең абзалы – еңбек етіп тапқан табыс. (Әбул Хасан Харқани)

Терминге сілтеме


Нәфс (нәпіс)

Нәпіс сөзі жиырмадан астам мағыналарда қолданылады. Рух, жан, қан, менмендік, іш, көңіл, үлкендік, қалау т.б. Бірақ ең көп екі мағынасы қолданылады:

1) Жан, тіршілік.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деді: «Әрбір нәфс өлімді татады.» (Али Имран сүресі 185)

2) Адам мен жында жамандықтың көзі ретінде, шариғатқа яғни дінге қайшы келетін қалаулардың негізі ретінде жаратылған қуат бар. Бұған “нәфси аммара” (тәрбиеленбеген нәпіс) деп те айтылады.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Хақ та’аладан қорқып, нәпсінің (дінге қайшы) нәфсани қалауларынан өзін тыйған адамның барар жері міндетті түрде жаннат.» (Назиат сүресі 40)

«Нәпсіңе дұшпандық ет! Өйткені, ол – менің дұшпаным.» (Хадис құдси – Мәктубат Раббани)

«Ақылдылықтың белгісі нәпісіне ие болып, одан басым түсіп және өлгеннен кейін керек болатындарды дайындау. Ақымақтықтың белгісі нәпсіге беріліп, Аллаһтан кешірім және мейірім күту.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

"Нәпсін қадірлеген (көтерген) адам дінін құлатады. Нәпсін қорлаған адам дінін қадірлі етеді." (Мужаhид бин Жәбр)

"Нәпіс – адамдардың өмір сүруі, көбеюі және дүниелік қажеттіліктеріне қол жеткізу жолында еңбек етулері үшін жаратылған. Аллаһу та’ала нәпісті осындай көптеген пайдалары үшін жаратқан. Бірақ адамдарға мейірім етіп нәпіске берілуді тежейтін, оған ие болып, зияндарына тосқауыл болатын ақылды да жаратты." (Шәрәфәддин Яхия Мунири)

"Нәпіске берілуден құтылу – дүниелік ниғметтердің ең үлкені. Өйткені, нәпіс – Аллаһу та’ала мен құлы арасындағы перделердің ең үлкені." (Әбу Бәкір Тамистани)

"Күнәлардан өзін тыю нәпіске ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәлардан қашудың сауабы көбірек болады." (Имам Раббани)

"Йа, Раббым! Нәпсімді маған жармастырма! Оған қарсы мені жәрдемсіз, жалғыз тастама! Нәпсім маған аяушылық танытпайды. Маған мейірімділік ете гөр!

Ей, нәпсім! Қалауларыңды еш ұмытпайсың. Бірақ құлдық міндеттеріңді орындауға еш тырыспайсың. Ей, нәпсім! Есепке тартылатын қиямет күнінде қандай хәлде болатыныңнан еш қорықпайсың. Өткінші дүниені мәңгі және шексіз болған ниғметтерден артық көресің. Ей, нәпсім! Ешбір амал етпестен, еңбек етпестен ахиретте бақытқа қауышуды қалайсың. Бітпейтін арман, қалауларыңның соңына түсіп, тәубе етуді үнемі кейінге қалдырып кешіктіресің." (Аун бин Абдуллаh)

"Аллаһ жолында нәпсімен бірге жүргісі келгендер бірінші қадамында-ақ қатеге ұшырайды. Нәпісін тәрк етіп ықыласпен барлық нәрседе Аллаһу та’аланың разылығын ойлап жолға шықса, Аллаһу та’ала оған өзіне қауыштыратын жол көрсетуші ғалымды кездестіреді." (Әли Мүзәййан)

"Нәпіс – дұшпан. Дұшпанның тіліне кіріп, оның айтқанымен амал ету ақылды адамның ісі емес." (Әли Хафыз)

"Махлұқтардың ең ақымағы нәпіс. Өйткені әрқашан өзіне зиянды болған нәрселерді ғана қалайды." (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Терминге сілтеме


Нәфси аммара (тәрбие көрмеген нәпіс)

Көңілге үнемі жамандықтарды әмір ететін бұл нәпістің бүкіл ойлағаны, қалағаны және армандағаны тек харамдармен макрухтар ғана.

"Нәфси аммара ешкімнің әміріне мойынсұнбай, барлығына өзі бұйрық бергенді қалайды. Нәфси аммараны әлсірету және құтыруының алдын алу үшін дінге мойынсұнудан басқа амал жоқ." (Ахмед Фаруқи Серхенди)

"Адамның бүкіл жамандықтары аммара нәпісте жиналған. Аммара нәпіс ешқашан жақсылық жасауды ойламайды, үнемі жамандық жасауды қалайды. Өзіне және басқаларға зиянды болған нәрселерді жақсы көреді. Адам дүниеде және ахиретте бақытқа қауышу үшін нәпсіне мойынсұнбауы керек, оны әлсіретіп, зияны тимейтіндей халге келтіріп тәрбиелеу керек." (Ахмед Фаруқи Серхенди)

"Жаратылыстардың ішіндегі ең наданы – адамның нәпісі. Өйткені нәфси аммара өзіне дұшпандық етуде. Үнемі өзін құрдымға кетіретін нәрселерді қалауда. Қалаулары Аллаhу та’аланың тыйым салған нәрселері. Әрбір ісі иесіне және бүкіл жақсылықтардың иесі болған Аллаhу та’алаға қарсы шығуда. Әрқашан өзінің қас дұшпаны болған шайтанға мойынсұнуда." (Ахмед Фаруқи Серхенди)

"Аммара (тәрбиесіз) нәпіс шәхуат пен ашуды асыра пайдаланатын болғандықтан оған мойынсұну адамға жағымды және ләззатты боп көрінеді.Исламға мойынсұну болса, бұл қалауларға тыйым салып, шектейтін болғандықтан адамдарға ауыр, қиын болып көрінеді. Сол себепті адамдар исламға мойынсұнбай, нәпсіне мойынсұнғысы келеді." (Абдулазиз Дәһләуи)

"Адамдардың аммара нәпсі мансапқұмар, жоғарғы лауазымға, атаққа құмар келеді. Оның бар арманы бастық болу, барлық адамдардың өзіне бағынуын қалайды. Нәпістің бұл армандары құдай болу, барлығының өзіне табынғанын қалау болып табылады." (Имам Раббани)

"Пайғамбарлардың жіберілу және кітаптардың түсірілу себебі - әрдайым нәфси аммараның қалауларын езу үшін. Өйткені нәфси аммара Аллаhу та’алаға дұшпандық етуде. Нәпістің қалауларын жою – тек шариғатқа сай өмір сүру арқылы жүзеге аспақ." (Ахмед Фаруқи Серхенди)

Терминге сілтеме


Нәфси ләууама (айыпты өзінен іздейтін нәпіс)

Жаман істерінің салдарынан әрдайым өзін кінәлайтын, айыптайтын нәпіс. Нәпістің жамандықтарды әмір етуден өкініп өзін көп ләум етуінен (айыптауынан) “ләууама=көп айыптаушы” деп аталған.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Қиямет күніне және нәфси ләууамаға ант етейін, адам баласы біз жайлы оның сүйектерін бір жерге жинай алмайды деп ойлай ма?» (Қиамә сүресі 1-3)

"Біліп қой, сенің ең үлкен дұшпаның сені билеп алған – нәпсің. Ол үнемі жамандықты әмір ететін түрде жаратылған. Оның міндеті сені жақсылықтан алыстатып, жамандыққа итермелеу. Сен оны тәрбиелеп жолға салуға, Раббыңа ғибадат ету үшін кісендеп, қалауларына шек қойып, зауықтарынан алыстатуға міндеттісің. Егер оған немқұрайлы қарасаң, азғырып алдына жан салмайтын халге келетін болады. Әрдайым ескертіп кінәлап, айыптайтын болсаң ғана аммара нәпсілігінен шығып, Аллаhу та’аланың өзіне ант еткен нәфси ләууама халіне келеді." (Имам Ғазали)

Терминге сілтеме


Нәфси Мардийә (өз орнын білетін, Иесін риза еткен нәпіс)

Кемшіліктерін білетін, Иесінің разылығын алған нәпіс. Раббының құзырында момын-қабыл саналатын нәпіс.

"Нәпсін тәрбиелеп, "мардийә" деп аталатын осындай халге жеткзе алған адам айтқан сөзінде тұрады. Әділдіктен айрылмайды, жомарт болады. Адамдарға қажетті білімдерді олар түсіне алатын денгейде сөйлейді." (Әрзурумдық Ибраһим Хаққы)

Терминге сілтеме


Нәфси мутмаинна (иман келтірген нәпіс)

Тауба етіп, иманға келген нәпіс. Аллаhу та’аланы көп еске алу арқылы тыныштыққа, бақытқа бөленген және ислам дінінің әмірлерін орындауда ешқандай қиындық сезінбейтін нәпіс.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ей мутмаинна болған нәпіс! Өзіңді де, Бізді де разы еткен халде Раббыңа қайт. Таңдалған құлдарымның арасына қосылып, жаннатыма кір!» (Фәжр сүресі 27-30)

«Аллаhым! Саған қауышуға иман еткен, жазған тағдырыңнан разы болған және бергеніңе қанағат ететін мутмаинна нәпс берегөр.» (Хадис шәриф – Нәсаихул- Ибад)

"Мутмаинна нәпсіне қауышқан адам сабырлы, жұмсақ мінезді және күлімдеген жылы жүзді болады. Кемшіліктерді жасырып, айыптарды кешіреді. Аллаhу та’алаға толығымен мойынсұнып, көп ғибадат етеді. Жомарт болады. Ислам дінінің әмірлерінен бір қарысқа да айрылмайды." (Әрзурумдық Ибраһим Хаққы)

"Бір адам әулиелік дәрежеге жетіп, әулие болғанда аммара нәпісі мутмаиннаға айналады. Күпірліктен, мойындамаудан құтылып, Раббысынан разы болады. Раббысы да одан разы болады. Жаратылысындағы жамандықтан, азғындықтан құтылады." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Нәфси мүлhима

Қажет кезде Аллаhу та’ала тарапынан ақиқаттар илхам етілетін (білдірілетін, аян беретін), жамандықтардан арылған нәпіс.

"Мүлhима нәпіске ие болған адам білімді, қанағатшыл, қарапайым, хусни зан (жақсы ойлы), сабырлы және төзімді болады. Кешірімді қабыл етеді. Әр түрлі жәбірлерге төзеді." (Әрзурумдық Ибраһим Хаққы)

Терминге сілтеме


Нәфси натықа

Адамды үнемі жамандыққа және адамгершілікке жат, сұмпайы істерді жасатуға итермелейтін нәпіс. Нәфси аммараның бір көрінісі.

"Адамның бүкіл жамандықтары нәфси натықада жинақталған. Нәфси натықа мүлдем жақсылық жасауды қаламайды. Әрқашан жамандық жасауды, өзіне және өзгелерге зиянды болған нәрселерді жасауды қалайды." (Әбул-Хусейн)

"Натықа нәпісті әлсірететін бірден-бір шара – ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарына мойынсыну. Харамдардың барлығы: дүниенің мал-мүлкіне, мансабына, зауықтарына құмар болу нәпістің азығы болып табылады. Оны қоректендіріп, қуаттандырады." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Нәфси Радийа

Раббысынан разы болған нәпіс.

"Радийа нәпіске қауышқан адамның дұғасын Аллаhу та’ала бос қайтармайды. Бірақ әдебі мен ұяттылығынан ешнәрсе сұрай алмаған адам Аллаhу та’аланың дәргейінде өте құрметті және қадірлі болады." (Әрзурумдық Ибраһим Хаққы)

Терминге сілтеме


Нәфс-үл-әмр

Қиял және ойдан бөлек, естің сыртында бар жеке өзі болған зат, шындық, ақиқат.

Терминге сілтеме


Намахрем

       Жақын туыс емес, бөтен адам. Діни тұрғыдан үйленуі рұқсат болған, туыс болмаған адам дегенді білдіреді. (Махрем деген бөлімді қараңыз)

Терминге сілтеме